«Қыр басынан қарағанда біздің шағын ауыл әлдекімнің не арбасынан, не дорбасынан түсіп, шашылып қалған асықтай бытырап жатады. Мұндағы үйлердің жалпы ұсқыны бір-біріне ұқсас болғанымен, барлық жердегідей әр шаңырақтың тағдыры әртүрлі, әр басқа. Мұнда небәрі отызға жуық қана түтін бар.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьСол отыз үйден таңертең, кешке отыз түтін будақтағанда ауыл үстін кәдімгідей бозғылт тұман басып, жапырайған жатаған үйлерді көгілдір пердеге орап, көзден тасалайды».
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті жазушы, драматург Дулат Исабековтің «Тыныштық күзетшісі» атты әңгімесі міне, осындай тамаша суретпен басталады. Әлгі ауылға кенеттен тап болған жолаушыдай ерекше бір әсерге бөленесіз.
Рас, кейін осы әңгіменің желісі бойынша жазылған «Кішкентай ауыл» пьесасының қойылымын М.Әуезов атындағы әкемтеатрдың сахнасынан талай рет тамашаладық.
Сонда «қыр басынан қарағанда... әлдекімнің не арбасынан, не дорбасынан түсіп, шашылып қалған асықтай бытырап жатқан» ауылдың тыныштығын күзетіп, түнімен кірпік ілмей, жападан-жалғыз айғайлап, аспанға мылтық атып жүретін кеңкелес Демесінді өз көзімізбен көргендей болдық.
Алты жасар бала кезінде әке-шешесін ақ бандылар көз алдында атып тастағанда есі ауысып, өмір бойы кеңкелес атанып кеткен бейшара жанның ауыр тағдыры аласапыран тіршіліктің ащы шындығы ретінде оқырман жүрегінде біржола қалып қойды.
Бірде күтпеген жерден Дулат ағадан осы әңгіменің туу тарихын сұрап қалғаным бар-ды. Сөйтсем, оның расында да, бізге беймәлім мистикалық сыры, естіп-білген жанның есінде ұзақ сақталатындай тылсым оқиғасы бар екен.
– Ол әңгіме әуелі «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланды ғой, – деді жазушы ойланып қалып. – Оған көп адам пікір айтты. О кезде мен ауруханада жатыр едім. Сюжетін түсімде көрдім. Оған дейін де сюжетті түстер көретінмін де, түнде тұрып жазып қоятынмын. Бірақ ертесінде оқығанымда олар керекке жарамайтын боп шығатын. Бұл жолы олай болмады. Таңертең оқығанымда әлгі сюжет мені бірден жазуға отырғызды. Жаңағы түсім әлі күнге дейін көз алдымда... Мен аурухана палатасының қақ ортасындағы үстел үстінде жалғыз жатыр екенмін-ау деймін (Соның алдында ғана дәрігерлер көңіл күйімді күрт түсіретіндей ауыр диагноз қойып, аса бір жайсыз жағдайды хабарлап еді). Түсімде үстелді әлдекім айналып жүр. «Қорықпа, мен сені барлық бәледен қорғаймын. Қамықпа!» дейді. «Сен кімсің?» деймін. «Мен сенің тыныштығыңды күзетушімін» дейді. Оянып кетіп, осы түсімді жазып қойғанмын. Одан арғысы белгілі...
Осыдан соң, қымбатты оқырман, менің санамда: «Талантты жандарды Табиғаттың өзі де қорғайды екен-ау», деген бір ой мықтап орнығып қалды. Ал Табиғат дегеніміз – Алланың мың есімінің бірі емес пе!
Бірақ кейде... жұлдыздай жарқыраған жас дарындардың да бұл пәниден зымырап өте шығатынын көргенде: «Жақсы кісі Аллаға да керек», деп жұбатамыз ғой өзімізді.
Қалай болғанда да, таразы басы тең сияқты...
Нұрғали ОРАЗ,
«Егемен Қазақстан»