Бүгін, 9 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа рай құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр жауып найзағай жарқылдайды, тек солтүстік-батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Республиканың кей жерлерінде желдің күшейіп, шаңды дауыл тұрады, ал елдің солтүстік және оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде - дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы облысының кей жерлерінде желдің күші 17-22 м/с жетеді, шаңды дауыл тұрады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с, дауыл, Жамбыл облысында бұршақ жаууы мүмкін.
Қостанай, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал.
Түнде Ақмола, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел тұрады, жылдамдығы 15-20 м/с.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде аптап болады.
Маңғыстау өңірінің басым бөлігінде, Қызылорданың кей жерлерінде, сондай-ақ Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.