• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Маусым, 2018

Астанадағы емханаларға шетелдіктер де тіркеле алады

339 рет
көрсетілді

Астана қаласында 3 мыңнан астам шетелдік, яғни «Қазақстан Республикасының резиденті емес» есебінде тұрған азаматтар емханаларға тіркелді. 

«Міндетті әлеуметтік меди­ци­налық сақтандыру туралы» заң­ға сәйкес, Қазақстан аумағында тұр­ғылықты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар сақ­тандыру жүйесінде Қазақстан аза­маттары сияқты міндеттер мен құқықтарға ие. Яғни бұл аза­мат­тар міндетті әлеуметтік меди­ци­­налық сақтандыру жүйесіне қа­зақ­стандықтармен бірдей жарна тө­леу­ге міндетті. Жарна төлеген соң олар медициналық көмек алуға құ­қылы болмақ. Сондықтан «шетел аза­маттары біздің есебімізден тегін ем­деледі» деп айтуға негіз жоқ.

Сонымен қатар МӘМС шең­бе­ріндегі құқықтар мен міндеттер елі­мізде ратификациялаған халық­ара­лық келісімдер негізінде уақытша тұ­ра­тын шетел азаматтары мен олар­дың отбасыларына да берілген. Олард­ың қатарында Еуразиялық эко­номикалық одақ шеңберіндегі жұ­мыс күшінің еркін жүріп-тұру­ы­на қатысты норма да бар.

«Қазақстан өзге мемлекеттермен тығыз саяси-экономикалық байланыс орнатқан мемлекет. Сондықтан біз халықаралық келісім талаптарын да орындауға міндеттіміз. Бірақ шетел азаматтары кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің аз ғана бөлігін пайдалана алады. ­Нақтырақ айтсақ, бұл азаматтар айна­ласына қауіп төн­діретін аурулардан тегін ем­деледі», дейді Астана қа­ласы бой­ынша «Әлеуметтік меди­ци­на­лық сақтандыру қоры» КЕАҚ фи­ли­а­лының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Ал аталған санатқа кірмейтін өз­ге шетелдіктер (мысалы, Қазақ­стан аумағына виза арқылы неме­се жұ­­мыс істеуге келгендер) МӘМС жар­насын төлемейді. Олар ел аума­ғына кірмес бұрын жекеменшік сақ­тандыру полисін сатып алуға мін­детті.

Осылайша Қазақстан аумағында тұр­ғылықты және уақытша тұратын, Еуразиялық экономикалық одақ ту­ра­лы келісімшартқа мүше мем­ле­­кет­тердің азаматтары МӘМС жүйе­сін­де ел азаматтарымен бірдей 2020 жылдан бастап медициналық көмек алуға құқылы. Шетелдіктердің сақтандыру жарнасын төлеп, ел аза­маттарымен бірге медициналық қыз­меттерді пайдалану тәжірибесі барлық дамыған елдерде орын алған үрдіс.

«Егемен-ақпарат»