• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Маусым, 2018

Ақмола облысындағы стационар бөлімдерінің 95 пайызы электронды құжатқа көшірілді

276 рет
көрсетілді

Елбасы Жолдауында жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақ­сатында әзірленген «Цифр­лы Қазақстан» мемлекеттік бағдар­ла­масы бойынша өңірлерде көптеген жұ­мыс атқарылуда. Бұл бағытта Ақмола облысы Есіл аудандық емханасы стационар бөлімдерінің 95 пайызы электронды құжат айналымына көшірілді.

Мемлекет басшысы алға қой­ған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында денсаулық сақтау са­ласын цифрландыру арқы­лы ке­шенді медициналық ақпарат­тан­­дыру жүйесін іске қосу, мо­бил­ьді қосымшалар мен қазақ­с­тан­дықтарды міндетті меди­ци­­налық сақтандырумен өзара тығыз байланыстағы электронды денсаулық паспортын пайдалану, ең бастысы медициналық көмек сапасы мен қолжетімділігін арттыру көзделген. Қазіргі таңда Есіл ауданында 25220 адам тір­кел­­се, аудандық емхананың әр ка­­бинетінде және әйелдер мен ба­лалар консультациясында ме­ди­­циналық ақпараттық жүйе ке­шені бағдарламасы орнатылған. Осылайша барлық стационар бөліміндегі электронды құжат айналымы 95 пайызға жетіп отыр. Бұл ретте науқас қағазын беру, дәрігерге жа­зылу және үйге шақыру электронды форматқа көшірілгендігін баса айта кету керек.

Әрбір дәрігердің компьютеріне енгізілген дәрігердің жеке каби­не­тінде науқасқа қатысты барлық ақпарат жинақталып, бұрынғы қа­ғаз толтыру қысқарып, меди­ци­налық қызметкерлердің уақыты үнем­делді. Дей тұрғанмен ауылдық ме­ди­циналық мекемелерде интернет пен арнайы техниканың болмауы себебінен электронды құжат айналымы ақсап отыр. Оның үс­тіне науқастардың телефонына «DamuMed» гаджетін орнату мә­селесі де қиынға соғып отыр. Осыған байланысты амбу­ла­тор­лық-емхана және стационар бө­лім­дерінің қызметкерлері еңбек ұжым­дарымен кездесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі таңда мұндай «DamuMed» гаджеті 400 адамның байланыс құрылғысына орнатылып, дәрігерге жазылу жағынан өте ыңғайлы екендігін дәлелдеді.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы