• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
Президент 20 Шілде, 2018

Елбасы Денис Теннің қазасын қатты күйзеліспен қабылдаған

404 рет
көрсетілді

Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай  белгілі спортшы Денис Теннің қазасын Елбасы қатты күйзеліспен қабылдағанын айтты.

«Мемлекет басшысы жас әрі талантты, Қазақстан мен әлемнің сүйіспеншілігіне бөленіп үлгерген, болашағынан зор үміт күттірген Денис Теннің бақилық болуын ауыр қайғымен және зор күйзеліспен қабылдады. Президент Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудың негізін қалаған және еліміздегі спорттың дамуына зор үлес қосқан Денистің жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жіберді», - деді Айдос Үкібай.

Нұрсұлтан Назарбаев жастарға үлгі бола білген тамаша ұлды, өз елінің нағыз патриотын тәрбиелеп өсірген Денис Теннің ата-анасына қоңырау шалып, көңіл айтқан.

«Мемлекет басшысы Денистің мезгілсіз дүниеден өтуі - жақындары мен туыстары үшін ғана емес, тұтас мемлекет үшін орны толмас қаза екенін жеткізді. Мәнерлеп сырғанаушының ата-анасына көңіл айта отырып, Президент қылмыскерлердің жазасыз қалмайтынын баса айтты», - деді Елбасының Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

inform.kz