• RUB:
    5.31
  • USD:
    479.03
  • EUR:
    523.39
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Тамыз, 2018

Данияр Елеусінов кәсіпқой рингте үшінші рет жеңіске жетті

408 рет
көрсетілді

Олимпиада чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (2-0, 1 КО) кәсіпқой бокста үшінші мәрте рингке шықты, деп хабарлайды Sports.kz. 

Данияр Кардиффтегі (Уэльс) Ice Arena Wales алаңында мажарстандық Габор Горбичті (24-11, 14 КО) жеңді. Алты раундқа жоспарланған жартылай орта салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте Данияр барлық төрешінің ортақ дауысымен жеңіске жетті. Бұл Даниярдың кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісі. Ал қарсыласы осымен 12 мәрте жеңілістің ащы дәмін татты.

Еске сала кетсек, Д.Елеусінов 28 сәуірде профи-рингте алғаш рет қолғап түйістірді, ол жолы боксшы америкалық Ноа Кидті (3-1-1, 2 КО) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Кейін 6 маусымда Лондонда мажарлық Золтан Шабоны (25-12, 11 КО) ұтты.