• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2011

«Руханият» партиясы Жамбыл өңірінде

506 рет
көрсетілді

«Руханият» партия­сы­ның сайлауалды үгіт-на­си­хат жұмысы кеше Қордай ауданында жалғасты. Атал­мыш партияның бағдарла­ма­сы­на көз жүгіртсек, онда ауыл шаруашылығына бас­ты басымдық беру арқылы ау­ыл­­дың әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық мәселелерін шешу, оның ішінде дәстүрлі мал шаруашылы­ғын дамы­ту, ауыл­ды сапалы ауыз сумен қам­тамасыз етуге жан-жақ­ты қолдау көрсетіп, еңбек өнімділігін он есеге дейін арттыруға қол жеткізуге мүд­делілік те бар. Пар­тия, со­нымен қатар, шет елдердегі қан­даста­ры­мыз бен елге орал­ған ағай­ын­дарға қам­қор­­лық жасап, әлемнің 45 еліндегі 5 миллиондай қазақ диаспора­сы­на мемлекет тара­пынан қам­қор­лық көрсету, олардың ата­жұрт­қа оралуына, ал елге орал­ған ағайындарға толық­қан­ды жағдай жасауды да ойластырып отыр. Партия 1986 жылғы Жел­тоқ­сан көтерілісі мен 1930 жыл­дардағы ашаршылыққа сая­си баға беру мен пар­ла­мент­тік-президенттік бас­қару пішініне өтуді де мой­ын­да­ры­на алыпты. Сонымен бірге, жергілікті өзін өзі басқару, сот жүйесінің тәу­елсіздігін қам­та­масыз ету, стратегиялық ма­ңы­зы бар кәсіпорындарды мем­лекет мен­шігіне қайтару, сыртқы қарыздарды тұрақ­тан­ды­ру, мұ­найдан түскен пайда­ны халық арасында әділ бөлу, медициналық қызмет көр­сету, тегін білім беру мен ғы­лымды дамыту, ұлттық мәдениетті өр­кендету, елдегі демо­гра­фия­лық ахуал мен жастар мәсе­ле­сіне ден қою, Қазақстандағы бар­лық шет елге жалға берілген әскери по­лигондарды жабу, Қазақ­стан эколо­гия­сын сауықты­ру, ядролық отын банкін және АЭС салынуына қарсы­лық сияқ­ты жекелеген тараулар да бар. Кеше «Руханият» пар­тия­сы­нан партиялық тізім бой­ын­ша кандидаттар – ақын, «Жалын» журналы­ның бас редакторы Мұхтар Шаханов, «Қазақстан Ұлт­тық арнасы» бағдар­ла­ма­лар бөлімінің ди­ректоры Сәуле Жиреншина және «Азамат-Құрылыс» ҚК құ­рылысшысы Расылхан Құ­дайбергенов аудан орта­лы­ғында сайлаушылармен кез­десті. Орталық ауруха­на­ның  мәжіліс залында өткен кездесуге аурухана ұжымы мен партия өкілдері, бар­лы­ғы 70-ке жуық адам қа­тыс­ты. Кездесуде М.Шаханов 1991 жыл­мен салыстыр­ған­да ана тілінің дамуы, тіл­ді дамы­ту­да еткен ең­бегі, және мемлекеттік тілдің қазіргі жағ­дайы, сондай-ақ сы­байлас жемқорлық пен өзі атсалы­сып жүрген қо­ғам­дық қыз­меті жайлы әң­гі­мелей келіп, сайлаушы­лар­ды «Руханият» партия­сы­на дауыс беруге шақырды. Кандидаттар сайлау­шы­лар­ға күнтізбе таратып, ақын М.Шахановтың кіта­бын сыйлады. Кеше «Руханият» пар­тия­сының аталған өкілдері Тараз қаласына да атбасын тіреп, сайлаушылармен кездесті. Пар­тияның сай­лау­ал­ды бағ­дар­ламасымен таныс­ты­рып, жұртшылықты «Ру­ха­ниятқа» дауыс беруге шақырды. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Жамбыл облысы.