• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Бокс 06 Тамыз, 2018

Жакартада үш аруымыз жұдырықтасады

553 рет
көрсетілді

Жакартада өтетін жазғы Азия ойындарында әйелдер арасындағы боксшылар сайысында Қазақстанның намысын үш спортшы қорғайды. Олар – алматылық Назым Қызайбай және астаналық Сәния Сұлтанқызы мен Римма Волосенко.

Бұл былғары қолғап шеберлерінің есімдері жанкүйерлерге жақсы таныс. 51 келі салмақта өнер көрсететін Назым Қызайбайдың екі дүркін әлем чемпионы деген дардай атағы бар. Сонымен қатар, ол ел біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы. 57 келі салмақтағы Сәния Сұлтанқызы мен 60 келі салмақтағы Римма Волосенко да елішілік жарыстарда жасындай жарқырап, халықаралық додаларда мол тәжірибе жиған мықтылар.    

-Қазіргі кезде соңғы дайындық жұмыстарын пысықтаудамыз. Қыздардың бабы жақсы. Олар Индонезиядан құр қол қайтпаймыз деп құлшынып отыр. Бұл жарыстағы біздер үшін басты қарсыластарымыз Қытай, Үндістан және Солтүстік Кореяның боксшылары болмақ. Басқа да мемлекеттерде де мықты спортшылар жетерлік. Қалай болғанда да Азия ойындарында шәкірттерім табысты өнер көрсетіп, ел сенімін ақтау үшін барынша күш салады, – дейді Қазақстанның әйелдер құрамасының бас бапкері Вадим Присяжнюк.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»