• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
22 Желтоқсан, 2011

Әлеуметтік міндеттемелер адал атқарылуда

280 рет
көрсетілді

Біздің «ҚМГ» БӨ» акционерлік қоғамы өзі құрылған кезден бастап «Өзенмұнайгаз», «Ембі­мұнайгаз» ұжымдарының құ­қық­тық мұрагері ретінде әрекет етіп, олардың мойнындағы әлеу­меттік міндеттемелердің бар­лы­ғын жүзеге асырып келеді. Содан бергі уақытта ұжымға бөлін­ген әлеуметтік шығындар көле­мін 5 есе арттырдық. Олар – жұмысшыларды әлеуметтік қор­ғау шаралары, ұжымдық шарт бойынша міндеттемелер, әлеу­мет­тік саладағы инвестициялар және басқалар. Біз өзіміз жұмыс істейтін жер­лердің барлығында жүйе құ­раушы компания болып есептелетіндіктен жүктелген әлеу­мет­тік міндеттемелердің барлығын адал атқарып келеміз. Соның ішін­де бірінші кезекте жер қой­науын пайдалану жөніндегі келісімге үлкен мән береміз. Осы бағыт бойынша ғана жыл сайын Маңғыстау облысына 900 миллион теңгенің инвестициялары бөлініп келеді. Мұның сыртында біздің әлеу­меттік әріптестік бағытында да жүргізіп жатқан жұмыстарымыз аз емес. Әкімдіктер өздері қыз­мет көрсететін өңірлерде бірқа­тар әлеуметтік жобаларды жүзе­ге асыру жөнінде ұсыныс жаса­ды. Олардың барлығы атқарылу­да. Тек осы бағыт бойынша ғана үстіміздегі жылы 907 миллион теңге қаржы бөлінді. Міне, осы қаржылардың барлығы аспаннан түскен жоқ. Олар компания та­ба­тын таза пайда есебінен бө­ліну­де. Егер Жаңаөзен қаласында жүзеге асырылып жатқан жұ­мыс­тарға келетін болсақ, 2009, 2010, 2011 жылдары ғана біз осы қаланың көркеюіне 20 миллиард теңгеден астам қаржыны шы­ғын­даппыз. Міне, осы қаржы­ларға көптеген инфрақұры­лым­дық жобалар жүзеге асты, әлеу­меттік нысандар салынды. Осы­дан 20 жыл бұрын бұл қала қан­дай еді? Қазір қандай? Мұны қарапайым көзбен-ақ айқын ажыратуға болады. Бүгінгі күні мұндағыдай спорттық-сауық­ты­ру кешенін басқа қалалардан кез­дестіру тым қиын. Мұнда спорттың 15 түрімен шұғыл­да­ну­ға болады. 300 орындық стадион халықаралық талаптарға сәйкес. Тек өткен жылдың өзін­де ғана 100 ауланы тәртіпке кел­тіріп, 10 шағын футбол алаңын іске қостық. Фитнес-клуб, бассейн, тағы басқа да әлеуметтік инфрақұрылымдар – біздің ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына жасаған тарту­лары­мыз. Міне, осы­лардың бар­лығы мұнай­шы­лар мен қа­лада тұратын халыққа жасалған жақсылықтар. Тек биылғы жылдың өзінде ғана ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­ғы мен Маңғыстау мұнайы­ның 50 жылдығына орайластыра 3,7 миллиард теңге қаржы бөл­дік. Бұл біздің мойнымызға ал­ған әлеуметтік міндеттемелерімізден тысқары жасалынып жат­қан жағдайлар. Каспий теңізінің жағалауы­нан 250 орындық лагерь, жы­лы­на 3300 адамға қызмет көр­се­­те­тін медициналық сауық­ты­ру ор­талығы салынды. Жаңа­өзен­дік­тер осы әлеуметтік орын­дардың барлығының игіліктерін көріп отыр. Медициналық ерікті сақ­тан­дыру қызметі бо­йын­ша тек өз қызметкер­лері­мізді ғана емес, сонымен қатар, қала халқын тегіс қамтып отыр­мыз. Мұндай қыз­мет 14 мың адамға көрсетілді. Мұның сыртында біз мұнай­шыларды тек өз елімізде ғана емес, сонымен қатар одан да тыс­қары жерлерге курорттар мен санаторийлерге тегін жолдамамен жіберіп келеміз. Тіпті балаларды да назардан тыс­қа­ры қалдырып отырған жоқпыз. Әр жыл сайын 4-5 мың бала Ре­сейдің, Украинаның сауық­тыру және демалыс орындарында, өз еліміздің – Алматы, Шымкент, Қос­танай қалаларында дема­ла­ды. Жыл сайын балалардың де­малуына 700 миллион теңге қаржы бөлеміз. Біз балалардың алыстағы қалаларға барып-қай­туын ұшақ бойынша арнаулы чартерлік рейстер арқылы қауіп­­сіздік жағдайында қам­та­масыз ететін бірден-бір ком­паниямыз. Ұжымның әрбір қызмет­керіне әр жыл сайын бөлетін әлеу­меттік пакеттер бойынша қар­жымыздың өзі 1 миллион теңгеден айналады екен. Әрине, бұл жалақыдан тыс жүргізіп келе жатқан төлемдеріміз. Сондықтан мен компанияның әлеуметтік салада жүргізіп келе жатқан жұмыстарын біздің мұнайшылар бағалайды және дұрыс түсіністікпен қарайды деген үміттемін. Біздің тіршілі­гіміздің басты негізі – бірлік. Сондай жағдайда ғана барлы­ғы­мыз бірлесіп, алға баса беретін боламыз. Орал ЫДЫРЫСОВ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ әлеуметтік саясат департаментінің директоры.