• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Күрес 19 Тамыз, 2018

Отгонцэцэг Галбадрах Еуропа кубогында чемпион атанды

499 рет
көрсетілді

Минск қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан Еуропа кубогының бірінші жарыс күнінде қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг ел қоржынына алғашқы алтынды салды

48 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жатқан Галбадрах жарысты екінші айналымнан бастады. Алғашқы белдесуінде ол ресейлік Лилия Киселеваны айқын басымдықпен ұтса, жартылай финалда әзірбайжандық қарсыласы Айша Гурбанлыны жарыс жолынан шығарды. Ал финалда ресейлік Татьяна Аякинаны қапы қалдырып, Еуропа кубогының чемпионы атанды.