• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Бокс 19 Тамыз, 2018

Головкин - «Канело» рематчын британ телевидениесі көрсетеді

317 рет
көрсетілді

Белгілі промоутер Фрэнк Уоррен қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің арасындағы екінші жекпе-жегі жаңа жобаның беташары болатынын айтты. 

Танымал BT Sport телеарнасы ақылы PPV-көрсетілімдерге арналған Box Office жобасын іске қоспақ. Британия телевидениесінің тарихи жобасы Головкин - Альварес рематчымен басталады, деп хабарлайды Sport.kz.

«Box Office жобасының беташары үшін неткен үлкен жекпе-жек!», -деп жазды Уоррен Twitter парақшасында.

Айта кетейік, ол орта салмақтағы WBO титулының иегері Билли Джо Сондерстің промоутері.

GGG - «Канело» рематчы 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.