• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Тамыз, 2018

Азиада-2018: Қазақстан 4 медаль еншіледі

384 рет
көрсетілді

Индонезияда өтіп жатқан 2018 жылғы Азия ойындарының алғашқы күні қазақстандықтар бір алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Алтынды» семсерлесуші Дмитрий Алексанин, «күмісті» еркін күрестен Данияр Қайсанов, дәл осындай спорт түрінен Саятбек Оқасов пен Әділет Давлумбаев қола медальдарды иеленді. Төрт медаль еншілеген Қазақстан құрамасы жалпы командалық медальдық есепте бесінші орынға табан тіреді.

Азиада-2018-дің медальдық есебі:

1. Қытай - 16 медаль (7 алтын, 5 күміс, 4 қола)

2. Жапония - 14 (3-6-5)

3. Оңтүстік Корея - 11 (2-3-6)

4. Иран - 5 (2-2-1)

5. Казақстан - 4 (1-1-2)

Азиада ойындарының алғашқы күні 18 елдің спортшылары марапатталды.