• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
24 Тамыз, 2018

Бақұл бол, бауырым!

2262 рет
көрсетілді

Жалған дүние-ай, десеңші! Күні кеше ғана еді ғой Астанада жур­на­листер күніне арналған жиында қатар отырып, өткен-кеткеннен біраз сыр шертіскеніміз. Жақында менің мерейтойым болатынын айтып, Астанадағы қаламдас достардың тойға келетіндерін ұйымдастырып, бар шаруаға бас-көз боласың деге­нім­де, өзінің қашандағы қалпымен:

– Жарайды, аға, – деп дағдылы ілти­патын білдірген. «Дағдылы» дей­тінім, қашан болсын және қандай шаруа­ға қатысты болсын айтқаныңды екі ет­пей­тін еді ғой Әлисұлтан ініше­гім. Ылғи да еститінім: «Жарай­ды, аға, мақұл, аға»... дейтін екі ауыз сөзі болатын еді. 

Жур­налистік жолға жаңа түсіп, өзін­дік қолтаңбасын енді қалыптастыра бастаған шағында тағдырына тап келген алағай да бұлағай өзгерістерден мұны адас­тыр­май алып шыққан да осы қасиеті, тындырымдылығы мен еңбек­­қор­лығы болар деймін. Содан бергі қала­мын ұштаған, қадамын нық­тап басқан табысты жылдарына тілеу­лес ағасы ретінде мар­қайып, риза көңілмен жүруші едім. Сенімім де, үмітім де мол еді. Әттең, қайтерсің... әзелден жақсыға құмар өлім шіркіннің өстіп қапияда өкін­діріп, өксітіп кететініне не айтарсың?! Оған қылар еш амалымыз жоқ.

Бақұл бол, бауырым! Алдың пейіш, артың кеніш болсын! 

Бекболат Әдетов