• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2011

Жұмыс жоспары қаралды

275 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы­ның орынбасары – Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының мең­геру­шісі Қозы-Көрпеш Жаңбыршиннің төрағалық етуімен Қауіпсіздік Кеңесі инспекциясының кезекті отырысы болып өтті. Талқылау барысында инс­пек­цияның 2011 жылғы негізгі қыз­меті қорытындыланып, сондай-ақ 2012 жылға арналған жұмыстың жоспары қаралды. Алдағы жылы инспекцияның қызметінде негізгі екпін Қарулы Күштердің, басқа әскерлер құ­ры­лымдардың, құқық қорғау ор­ган­дары­ның қойылған тапсыр­ма­­лар­ды орындау дайын­ды­ғына, олар­дың бюджеттік қа­ражаттарды мақсатты және тиімді пайда­ла­нуы­на берілетін болады. Отырыс қорытындылары бойынша мемлекеттік органдарға тиісті міндеттер жүктелді.