• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
25 Тамыз, 2018

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

360 рет
көрсетілді

Қазгидромет демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері солтүстік облыстарда қатты жаңбыр болады.

Алдағы үш тәулікте солтүстік, орталық және шығыс облыстарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Найзағай кезінде қатты дауылды жел, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік облыстарда сенбі және жексенбі күні кей жерлерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз, ал ауа температурасы кей жерлерде нормадан 2-4 градусқа төмен болады.