• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Кино 25 Тамыз, 2018

Әділхан Ержановтың «Түн құдайы» фильмі Сахалиндегі кинофестивальде көрсетіледі

329 рет
көрсетілді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Түн құдайы» фильмі Сахалин Халықаралық «Жердің қиыры»(«Край света») кинофестивалінің байқаудан тыс «Көршілер/Достар» атты бағдарламасында көрсетіледі. Фестиваль Оңтүстік-Сахалинде тамыздың 24 мен 31 аралығында Сахалин губернаторының қолдауымен өтеді.

Кинофестиваль ұйымдастырушылары: «жер түбінде шыққан үлкен кино әлемінің жаңғырығы» және «Батыстың қойған сауалына Шығыстың қайтарған жауабы» деп бағамдайды өздерін. «Түн құдайынан» бөлек «Жер қиырының» негізгі байқауында режиссер Ержановтың басқа да фильмі – «Әлемнің мейірімді енжарлығы» (Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жобасы емес) қатысып отыр.

«Негізгі байқауға олар дәстүрлі кинотілде түсірілген фильмдерді қабылдайды, «Әлемнің мейірімді енжарлығы» осы форматқа сәйкес келеді. Ал «Түн құдайы» - сюжет логикасын елемей, образ тазалығын көрсетуге тырысқан эксперименталды бағыттағы фильмім. Қатарынан екі фильмім фестивальге қатысып отырғаны қуантады, өйткені олар формасы мен мазмұны жағынан бір-біріне қайшы фильмдер», - фестивальге қатысуы туралы осылай деді режиссер Әділхан Ержанов.

Негізгі конкурс және «Көршілер/Достар» бағдарламасынан басқа фестиваль аясында Ингмар Бергманның ретроспективасы, азиялық және ресейлік анимация көрсетілімдері өтеді. Және қазылар алқасы - режиссерлер кіші Алексей Герман, Алексей Попогребский және Таминех Миланидің, сценаристер О Чжун-ми және актриса Мария Шукшинаның фильмдері көрсетіледі.