М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті студент жастарының Жаңаөзен қаласындағы оқиғаға байланысты үндеуі
Биылғы жылдың 16-шы желтоқсанында қазақстандықтар аса маңызды, қасиетті мерейтой – ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын зор қуанышпен атап өтіп жатқан сәтте осы бip қайғылы әpi қacipeттi оқиғаның орын алуы өте өкінішті. Бүкіл халқымыздың ортақ бақытына бipiгiп қуанудың орнына, жаңаөзендік отандастарымыз белгісіз саяси топтардың жетегінде кетіп, ел тыныштығын бұзып, ұлттық мейрамымыздың берекесін қашырып, әлемдік қауымдастықтың алдында абыройымызды төкті. Көптеген дамыған елдердің ұзақ жылдар ішінде шыққан биігіне бар-жоғы жиырма жылда ғана қол жеткізген Қазақстан Республикасының қоғамдық татулығы мен саяси тұрақтылығына қарсы шыққан кepi пиғылдағы күштердің іс-әрекетін шектен шыққандық деп бағалаймыз. Әлем қызыға да қызғана қарайтын бейбітшілікті ту еткен елімізде мұндай оқиғаның орын алғанына әлі де сене алар емеспіз. Орталық алаңға мерекені атап өтуге келген бейбіт халыққа қол көтеру көңілге қайғы мен өкініш сезімдерін ұялатып, көзге жас үйіртеді. Біздің ата-бабамыз төзімділік пен сабырлылықтың ерекше үлгі-өнегесін көрсетіп, бізге – Алаштың ұрпақтарына аманат eтті. Қазақ халқы ел ішінде туындаған дауларды шешуде ешқашан да асығыстық пен қызуқандылыққа жол бермей, ортақ мәмілеге келіп отырған. Біз, Қазақстанның әpбip азаматы үшін қастерлі саналатын – Тәуелсіздік күні Жаңаөзендегі қақтығыстың орын алғанына алаңдаушылық білдіріп, ондағы заңсыз әрекеттерді айыптаймыз. Біз, Тәуелсіз еліміздің тыныштығы мен бейбіт әpi үдемелі және байыпты дамуын қалаймыз. Гүлденген Қазақстанды құруда, Тәуелсіздігімізге нұқсан келтіретін топтармен жолымыз бөлек. Біз, Тәуелсіз Қазақстанның жастары, мемлекет Тәуелсіздігін көзіміздің қарашығындай сақтауға дайынбыз және келеңсіз оқиғаларға жол бермейміз! Осындай сын сағатта баршаңызды Ұлт көшбасшысы – Елбасымыздың төңірегіне тығыз топтасуға, Қазақстанның болшағы үшін еңбегімізді еселей түсуге және осы үндеуді бip кісідей қолдауға шақырамыз!Үндеу 2011 жылдың 19 желтоқсанында ОҚМУ студенттерінің кезектен тыс жалпы жиналысында мақұлданып, қабылданды.