• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
26 Желтоқсан, 2011

"Қайрат" қайтадан Премьер лигада

292 рет
көрсетілді

Футбол Федерацияның атқарушы комитетінің шешімі бойынша футболдан еліміздің 2012-шы жылғы чемпионаты қайтадан бұрынғы жүйемен өтетін болды. "Қайрат" футбол клубы басшылығы және жанкүйерлерінің өтініші бойынша, бұл команда қайтадан Премьер лигаға қабылданды. Сондай-ақ Оралдың "Ақжайық" командасы да Премьер лиганың жаңа командасы атанды. Сонымен алдағы чемпионат 14 команда арасында, 2 айналымдық жүйемен өтетін болды. Чемпионаттың алғашқы туры 11 наурызда, ал Суперкубок болса 6 наурызда өтетін болды. Премьер лига командалары: «Шахтер» — Қарағанды «Жетісу» — Талдықорған «Ақтөбе» — Ақтөбе «Астана» — Астана «Ертіс» — Павлодар «Ордабасы» — Шымкент «Тобыл» — Қостанай «Қайсар» — Қызылорда «Тараз» — Тараз «Атырау» — Атырау «Сұңқар» — Қаскелең «Оқжетпес» — Көкшетау «Қайрат» — Алматы «Ақжайық» — Орал