• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
21 Қыркүйек, 2018

Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

894 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында жоғары білімді жастарды мем­лекет­тік қызметке бейімдейтін арнайы мектеп өз жұмысын бас­тады. Мемлекеттік қызмет мектебіне түсу үшін ЖОО түлектері мотивациялық эссе жазып, тестілеу мен әңгімелесуден өтуі тиіс.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық­қа қар­сы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақ­стан облысы бойын­ша де­пар­таменті Президент жанын­дағы мем­лекеттік басқару ака­демия­сының Батыс Қазақстан облыс­тық филиалымен бірле­сіп та­лантты жастарды мемлекет­тік қыз­метке тарту, кадр қорын қа­лып­тас­тыру мақсатында өңірде ал­ғаш рет жоғары оқу орындары түлек­тері үшін Батыс Қазақстан об­лы­сының мемлекеттік қызмет мек­тебін ашты. Қазір жаңа мектепке қа­был­дау шаралары жүріп жатыр.

Мемлекеттік қызмет мек­те­бі жас көшбасшыларды оқыту, мем­ле­кеттік органдарда тағы­лым­да­мадан өткізу арқылы мемле­кет­­­тік қызметтің іс жүзіндегі дағ­­ды­­ларын үйренуге мүмкіндік береді.

Аталған бастамаға орай, жа­қында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-тех­ни­­калық университеті, Махам­бет Өтемісұлы атындағы Батыс Қа­зақстан мемлекеттік уни­вер­­ситеті, Батыс Қазақстан ин­но­ва­ция­лық-технологиялық уни­­верситеті және Қазақстан ин­но­вациалық және телекомму­никациялық жүйелер универси­­­теті студенттерімен кездесу өтті. Кез­­десуде мемлекеттік қызмет ме­к­­­тебінің міндеттері мен мақ­сат­тары таныстырылып, тесті­леу бағ­да­рл­амасына қажетті нор­ма­тивтік құ­қықтық актілер­дің негізгі ба­ғыт­тары туралы айтылды. 

– Оралдағы мемлекеттік қыз­мет мектебіне жоғары оқу орын­дары­ның 4 курс студенттері ғана қабылданады. Мақсатымыз – келешегін мемлекеттік қыз­метке арнағысы келетін жас ма­ман­ның ЖОО дипломымен бірге мемқызметтің талап-дағ­ды­ларын да қоса меңгеріп шығуы­на көмектесу, – дейді Агенттік­тің Батыс Қазақстан облысы бо­йын­ша департамент басшысының орын­­басары Мирболат Нұртазин. 

Мирболат Сүйеуұлының айтуынша, мектепте алған сабақ мемлекеттік қызметтің имиджін көтеріп, жас мамандарды осы саладағы реформалармен таныс­тырады, нақты іс-тәжірибеге бағытталған көмек алады. 

Айта кетейік, Оралдағы мем­лекеттік қызмет мектебінде оқуға қазірдің өзінде 50 шақты жоғары курс студенті ниет білдіріпті. Ар­найы сынақтан өткеннен кейін олар­дың 30-35-і ғана Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті жаны­ндағы мемлекеттік басқару ака­демиясының Батыс Қазақстан облы­стық филиалында шеберлік саба­қтарын алатын болады. Ал мектеп­тің толық курсынан өткен сту­дентке қорытынды шешім беріл­мек. Бір қызығы, бұл сертификат жас маманға мемлекеттік қызметке кіретін тест сынағында ешқандай жеңілдік бермейді. Бас­қалармен қатар толық сынақтан өтеді. 

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» Батыс Қазақстан облысы