• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Футбол 21 Қыркүйек, 2018

Роналду алғаш рет ойыннан қуылды

400 рет
көрсетілді

Криштиану Роналду алғаш рет ойыннан қуылды, деп хабарлайды sports.ru.

Чемпиондар лигасында «Ювентустың» шабуылшысы Криштиану Роналду «Валиенсияға» қарсы матчта бірінші таймның ортасында ойын алаңынан қуылды. Бұл португалиялық Роналдудің Еуропа турниріндегі ең алғашқы қызыл қағазы.

Матчтың бас төрешісі Феликс Брих Роналдудің «Валенсиялық» Джейсон Мурильоны басынан ұрғанын байқаған. Осылайша ол ойынның 29- минутында есеп 0:0 кезінде қызыл қағаз алып, ойыннан қуылды.