Тұңғыш сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті саясаттану кафедрасының профессоры, саяси ғылымдарының докторы Нәубәт Қалиев қайтыс болды.
Нәубәт Қалиев 1945 жылы 1 қазанда ШҚО Абай ауданында дүниеге келген. Парламент Сенаты Аппаратында абыроймен қызмет атқарды.
2008 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының профессоры болды.
Нәубәт Қалиевтың 60-тан астам ғылыми еңбегі жарық көрген. Демократия, парламент, саясат партияларының қызметі жөніндегі бірнеше кітап пен ғылыми монографияның авторы.