• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қазан, 2018

Зауытты көбейтуге зауық жоқ па?

363 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаттары Динар Нөкетаева, Төлеубек Мұқашев және Дулат Құсдәулетов Алматы қаласында жұмыс сапарымен болып, Елбасының Жолдауын түсіндіру мақсатында Алматы ауыр машина жасау зауыты­ның еңбек ұжымымен кездесті. 

Сенаторлар зауыт ішін ара­лап, жүргізіліп жатқан жұ­мыс­тарды көріп, шешімін таппай жатқан кейбір мәселе­лер­ді Үкіметтік деңгейде көте­ре­тін­дерін жеткізді. – Біздің мұнда келудегі не­гізгі мақсатымыз – отандық өндірісті қолдау, сондай-ақ кә­сіп­орын басшыларымен тіл­десіп, қандай өзекті мә­се­лелері барын білу. Кейбір ше­неуніктер мұндай өндіріс орындарына келмейді. Ал біздің кәсіпкерлер кафе-бар, мейрамхана, қонақ­үйлер салуға әуес. Жастарымыз аз ақшаға даяшы, күзетші, көлік жуушы болып жұмыс істеп жүр. Одан да біз отандық өндірісімізді қолдап, қолдан келгенше көмектесіп, жастарды осында жұмысқа тар­туға үгіттеуіміз керек, – де­ді Се­нат депутаты Төлеубек Мұқашев.  Құю цехында істей­тін жұ­мыс­шылардың орташа жала­қысы 364 000 теңгені құрайды екен. Зауытта 870 адам жұмыс істейді. Сенаторлар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде және отан­дық ұлттық киім үлгілерін шығара­тын «Ерке-Нұр» кәсіпорнында да болды.

Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ