• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Бокс 22 Қазан, 2018

Данияр Елеусіновтің әлемдік рейтингтегі орны жоғарылады

317 рет
көрсетілді

Кеше қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов жартылай орта салмақтағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл Даниярдың әлемдік рейтингте  біршама жоғары көтерілуіне жол ашты, деп хабарлайды Sports.kz

Бұл жеңіс боксшының BoxRec.com сайтының рейтингінде біршама жоғарылауына жағдай жасады.

27 жастағы боксшы бірден 39 саты көтеріліп, 224-орынға шықты. Елеусінов келесі жекпе-жегін 24 қараша күні Монте-Карлода (Монако) өткізеді. Қарсыласының есімі кейінірек белгілі болады.