• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Қазан, 2018

Мерген десе, мерген екен!

396 рет
көрсетілді

Қытайда жекпе-жектің К-1 нұсқасы бойынша «Kunlun Fight» деп аталатын ірі халықаралық турнир аяқталды. Бұл жарыста 8 мемлекеттен келген спортшылар бақ сынады.   

Қазақстанның намысын қорғаған Ақмола облысының тумасы Мерген Біләлов осы жарыста керемет өнер көрсетіп, сан миллион жанкүйердің ыстық ықыласына бөленді. Алғашқы кездесуінде қытайлық Чжао Цунды бірінші раундтың аяғында ұрып шыққан ол жартылай финалда осы нұсқа бойынша алтын белбеу иегері беларуссиялық Виталий Гурковпен күш сынасты. Осыдан екі жыл бұрын Біләлов дәл осы атақты спортшыдан жеңілген болатын. Одан бөлек, Гурков біздің елдің басқа да өрендерін бірнеше мәрте ұтқан. Ал бұл жолы  қандасымыз кеткен есені қайтарып, айқын жеңіске қол жеткізді. Ақтық айқаста Мерген Аспанасты елінің тағы бір өкілі Чжан Яннан басым түсіп, 75 кило салмақ дәрежесі бойынша чемпиондық атаққа қол жеткізді.   

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»