Бүгін Бас прокуратура «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, «Кәсіпкерлік саласындағы прокурорлық бақылау» атты Бизнесті қорғау бойынша ІІІ-Форум өтті.
Форум жұмысына Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органның басшылары, «Атамекен» Ұлттық палата, «Нұр Отан» Партиясы және бизнес қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Жиын барысында Мемлекет басшысының бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды одан әрі арттыру жөніндегі тапсырмасы бойынша қабылданып жатқан шаралар жайында айтылды. Сондай-ақ ұлттық палатамен бірлесе отырып, екі жол картасының іске асырылғаны, негізгі бағыттар бойынша 200-ге жуық іс-шараның орындалғаны атап өтілді.
Бизнес субъектілерін тексерулердің жүйелі түрде қысқаруы әкімшілік қысымның азайғанын көрсетеді. Бұған көбінесе жоспарлы тексерулерден бас тарту және кәсіпкерлердің қызметіне түрлі талаптарды 60 %-ға барынша азайту арқылы қол жеткізілді.
Заңсыз тексерулер бір жарым есеге азайған. Заңсыз араласу жағдайларының алдын алу үшін прокуратура органдары тексерулердің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі – тексеру субъектілері мен объектілердің бірыңғай тізімін іске қосты. Ол іс жүзінде тәуекелдерді бағалау арқылы заңсыз тексерулердің тағайындалуын болдырмайды.
Бас прокурор бизнес саласында әлі де шешімін таппаған бірқатар аспектілердің бар екенін, сондай-ақ оларды жою үшін бірлескен жаңа шараларды қабылдау қажет екенін айтып өтті. Жиын қорытындысы бойынша жаңа жол картасы бекітілді. Оған бәсекелестікті және мемлекеттік-жеке серіктестікті одан әрі дамыту бойынша кешенді іс-шаралар, сондай-ақ экология,и еңбек, жер және ветеринария салаларында уәкілетті органдардың тексерулерді тағайындауына қойылатын талаптарын қайта қарау бойынша нысаналы жұмыс енгізіледі деп күтілуде.