• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қараша, 2018

Польшалық заңгерлер Алматыға келді

284 рет
көрсетілді

Жақында Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Өмірәлі Жалаиридің шақыруымен Алматыға Еуропаға танымал бір топ польшалық қонақтар келді. Олардың арасында заң ғылымдарының докторы, профессор, Катовице экономикалық университетінің проректоры, Зеленогурск университеті заң факультетінің Конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі Анджей Биштыга мен заң ғылымдарының докторы, Катовице қаласындағы Katowice Schoolof Economics – Горношланска Жоғары сауда мектебінің басқару – әкімшілік кафедрасының профессоры Стефан Дырка бар.

Профессор Биштыга академия сту­денттеріне, магистранттарына, док­то­рант­тарына салыстырмалы конс­ти­туциялық және еуропалық құ­қық, Еу­ропа заңнамаларының Поль­шаның конституциялық жүйе­сіне әсері, Еуро­падағы өзін-өзі аймақ­тық басқарудың теориялық және док­триналық негіздері, ал доктор Стефан Дырка ғаламданудың ұлттық экономиканы трансформациялау үрдісіне ықпалы, ұйымдарда даму негіз­дері ретінде зияткерлік әрі ада­­ми капиталды қалыптастыру та­қы­­рыптарына арналған қызықты дә­рістер оқыды. 

Поляк ғалымдарының Алматыға сапары  барысында Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы мен Зелено­гурск университеті,  Katowice Schoolof Economics арасында келісімдер жасалды. Бұдан былай академия профессорларымен ғылыми және дидактикалық өзара байланыс жалғасып тұрады. Еліміздегі осы ір­гелі оқу орнындағы түрлі бағыттағы кафедралардың қызметкерлерімен, жұмыстарымен танысқан қонақтар біздің ғалымдарымыздың деңгейі жоғары екенін, сондықтан осынау тамаша ұжыммен  ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екендіктері туралы ойларын ортаға салды. Алдағы уақытта Польша ғылыми журналдарында қонаевтық ғалымдардың ма­қалалары жарияланбақшы, осылайша болашақта отандық ғылыми еңбектер АҚШ, Канада, Еуропа кеңістігіне жол ашады.

Өз республикасында көрнекті қо­ғам әрі ғылыми қайраткері ретінде танымал, отандық саясатқа өзіндік ықпалы бар Анджей Биштыга мырза «Әлемдегі референдум институты»,­ «Адам құқығы жөніндегі еуро­палық сот», «Адам құқығы жөніндегі Еу­ропа Конвенциясының Бі­ріккен Ұлы­бри­тания корольдігінің құқықтық жүйе­сіне ықпалы», «Адам құқығы мен бостандығы және олардың ке­пілі», «Адам құқығы жөніндегі Еу­­ропа конвенциясы және оның іш­кі құ­қықтық жүйеге ықпалы» ба­ғытында мә­селелер көтерген. Сон­дай-ақ поляк ға­лымы «Қазақстан Рес­­публикасының Конституциялық   жүйесі» тақырыбында да терең зерт­­теу жұмыстарын жүргізген. 1992  жылы Гаага халықаралық құ­­қық академиясының (Гаага, Ни­дерланды), дәл осы уақытта адам құқығы жөніндегі Познань ор­та­лығының, заң ғылымдары инс­ти­тутының (Польша Ғылым академиясы), 1998 жылы Британдық Кеңес – Лестер университетінің (Лес­тера, Ұлы­британия  Солтүстік  Ир­ландия біріккен корольдігінің), 1998 жылы аме­­­рикалық зерттеу­лер­ге байланысты Заль­цбург семи­нарының (Аустрия) стипендиаты бо­лып, 80-ге жуық халықаралық және отандық конференцияларға қа­тысқан, Анджей Би­штыга мырза  өз Ота­нындағы және шетелдердегі көп­теген ғы­лы­­ми басылымдардың дамуына үлес қосыпты. Еңбегіне орай түр­лі дәре­жедегі сый-марапаттарға, құр­метке бөленген. Доктор Стефан Дыр­ка да ерен еңбегімен көзге түскен, ғы­лым­ның, қоғамның дамуына сүбелі үлес қосқан өз елінің айтулы азаматы екен.

Міне, осындай мәртебелі мейман­дарға ерекше ілтипат білдірген қо­наевтықтар академия аясындағы ғылыми отырыстың кеңейтілген салтанатты мәжілісінде Анд­жей Биштыга мен Стефан Дырка мыр­заларға  академияның құрметті профессоры атағын беріп, қазақы дәстүрмен ша­пан жапты. Алдағы уақытта осы білім ордасының студенттері, магистранттары Польшаға барып, осындай көрнекті тұлғалардан дәріс алмақ. Академиялық ұтқырлық аясында белгілі бір мерзім арасында дипломдары АҚШ, Канада, Еуропа мемлекеттерінде мойындалатын осы оқу орындарында қонаевтық студенттер де ілімдерін дамытып, дүниетанымдарын кеңейтіп,  қос диплом алатын күн де алыс емес. А.Биштыга мырзаның айтуын­ша, әлемдік үрдісте анықталғандай, мем­лекеттікке қарағанда жекеменшік ЖОО шұғыл шешімдер қабылдап, оларды тезірек жүзеге асырады екен. Ен­деше мемлекеттігіміздің мызғымас бе­ріктігінің, баяндылығының кепілі – заң үстемдігінің орнығуына қонаев­тық ға­лымдар алдағы уақытта да сүбе­лі үлес қоса бермекші.  

Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ