22-23 қарашада Біріккен Араб әмірліктерінің астанасы – Әбу-Дабиде таэквондодан Гран-при додасының финалдық сайыстары өтеді.
Төрткүл дүниенің кіл мықтылары жиналатын байрақты бәсекеде Қазақстанның жалғыз ғана спортшысы күш сынасу құрметіне ие болды. Ол – Смайыл Дүйсебай. Бірқатар халықаралық турнирде топ жарып, Азия чемпионы деген атағы бар қандасымыз Парсы шығанағында жалауы желбірейтін жарыста 87 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.
Ал 24-25 қараша аралығында дәл сол мемлекетте әлем кубогының командалық сайысы өтеді. Бұл бәсекеде Елдос Ысқақ, Ерасыл Қайырбек, Нұрлан Мырзабаев, Руслан Жапаров, Рақым Әділханов, Қазыбек Бақтиярұлы, Смайыл Дүйсебай, Фариза Алдонғарова және Жансел Дениз
сынды спортшылар Қазақстанның намысын қорғайды.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Егемен Қазақстан»