22 қараша күні терроризмге қарсы астаналық жедел штаб лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізеді, деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.
Оқу-жаттығу Алматы аудандық полиция бөлімшесінің ғимараты маңында (Бөрілі, 18) сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін болады.
Іс-шараның негізгі мақсаты - терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штаб күш-құралдарының дайындығын тексеру. Оқу-жаттығу кезінде кейбір шектеулер болады.
«Осыған орай қала қонақтары мен тұрғындарының сабыр сақтап, түсіністік танытуын сұраймыз» делінген хабарламада.