• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2012

«Барыс» үмітті ақтаса игі

272 рет
көрсетілді

«Барыс» үмітті ақтаса игі

1 наурыз күні Астананың «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы плей-офф бәсе­ке­сінің алғашқы кездесуін өткізді. Өкі­нішке қарай, Ресейдің Магнитогорск қаласында жергілікті «Металлург» клубымен кездескен ас­та­налықтар алаң иелерінен 3:2 есебімен ұтылып қалды.

 

1 наурыз күні Астананың «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы плей-офф бәсе­ке­сінің алғашқы кездесуін өткізді. Өкі­нішке қарай, Ресейдің Магнитогорск қаласында жергілікті «Металлург» клубымен кездескен ас­та­налықтар алаң иелерінен 3:2 есебімен ұтылып қалды.

Жалпы, бұл матчтың тең дә­ре­жеде өткенін айтуға болады. Кездесуде «Барыстың» ойыншылары қор­­­­ғаныста қалып қоймай, жиі-жиі ша­­­­буылдарға шығып, бүкіл ойын бойы қарсыластар қақ­па­сы­на қауіп төн­ді­румен болды. Дегенмен, ойында ал­­ғашқы болып алаң иелері есеп ашты. Матчтың 37-ші минөтінде Сушинский шайбаны Еремеев қорға­ған қақпаға тоғытса, одан кейін Бут 40-ші минөтте екін­ші шайбаны соқты.

Осыдан кейін намысқа тырыс­қан қонақтар сапындағы Пушкарев 43-ші минөтте есепті қыс­қарт­ты. Осы шайбадан кейін көзді ашып-жұмғанша алаң иелерінен Бондарев тағы бір шайба салды. Ал ой­­ынның нүктесін біздің ко­ман­даның сапында ойнайтын че­хия­лық легионер Крепс қойды. Ол 54-ші ми­нөтте екінші шайба со­ғып, есепті 3:2-ге қысқартты. Одан әріге «Ба­рыс­тың» шамасы жетпеді.

Кеше кешкісін  Магнитогорск мұз айдынында плей-офф кезеңі­нің екінші кездесуі өтті.

Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінде «Барыс» хоккей клубы «Шығыс» тобында 6-шы орынды иеленген еді. Оның қар­сы­ласы – Магнитогорскінің «Метал­лур­гі» осы топта 3-ші орын алған болатын.

Екі команда арасындағы келесі екі кездесу енді 4 және 5 наурыз күндері Астанада өтеді.

Дастан КЕНЖАЛИН.