• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2012

Олар Бразилияға барады

299 рет
көрсетілді

Олар Бразилияға барады

Кеше, жұма күні қазақтың бір топ өрені Бразилиядағы Халықаралық фут­­­бол академиясына аттанды. Бұлар – теңбіл доп тебудің қыр-сырын үйренуге бара жат­­­­қан қазақ­стан­­­дық жасөспірім­дердің екінші тобы.

Ал өткен бейсенбі күні ба­лаларға ақ жол тілеп, 9 айға созылатын ұзақ сапардың мән-жа­йынан хабардар ету үшін алма­тылық журналистер Балуан Шо­лақ атындағы Спорт сарайына жиналды.

 

Кеше, жұма күні қазақтың бір топ өрені Бразилиядағы Халықаралық фут­­­бол академиясына аттанды. Бұлар – теңбіл доп тебудің қыр-сырын үйренуге бара жат­­­­қан қазақ­стан­­­дық жасөспірім­дердің екінші тобы.

Ал өткен бейсенбі күні ба­лаларға ақ жол тілеп, 9 айға созылатын ұзақ сапардың мән-жа­йынан хабардар ету үшін алма­тылық журналистер Балуан Шо­лақ атындағы Спорт сарайына жиналды.

Қысқасы, 2 наурыз күні 15 жастағы 26 аяқдопшы Брази­лия­ның «Оле Бразил Клаб» футбол клубының Халықаралық футбол академиясына оқуға аттанды.

Жоғарыда айтқандай, олар Бра­зилияда теңбіл доп тебудің ше­берлік мектебінен өтеді, спорт­­та­ғы қабілеттерін шың­дай­ды. Әлем­нің айтулы футбол мек­те­бінен алған тәлімін ұлттық футболмен ұштастырады. Мұнан кейін жас футболшылар Қазақ­станда 3 айлық жазғы демалысын өткізіп, Бразилияға қайта сапар шегеді. Онда 3 жыл бойы дай­ындықтан өткен соң, кәсіби футболшы ретінде елге оралатын болады.

Мәселен, Бразилияның Ха­лықаралық футбол академиясын­да тәлім алған алғашқы топтағы 1995 жылы туған қазақстандық жасөспірімдер 3 жылдық бұл оқу орнын өткен жылы аяқтаған еді. Олардың арасынан Рауан Сариев пен Берік Шайхов «Оле Бразил» клубының жасөспірім­дер құрама­сында өнер көрсетті. Бүгінгі таң­да Рауан «Алтетико Манейро» клубында ойнап жүр.

Ал қалған 15 ойыншы Қа­зақстан чемпионатының бірінші лигасында өнер көрсететін «Ас­тана-64» командасының құра­мын­да болса, өзгелері бұл күнде «Атырау», «Ақжайық», «Ақтө­бе» футбол клубтарымен келі­сім-шарт жасасқан.

Бразилияға аттанған жас жет­кіншектер мыналар:

Шыңғысхан Ахласов – қақ­пашы (Талдықорған), Олжас Мұ­­қанов – қақпашы (Ақтау), Бекжан Тоқтарбай – қақпашы (Шымкент), Айсұлтан Сейдахмет – қорғаушы (Талды­қор­ған), Айдар Құсна­ди­нов – қорғау­шы (Ақтау), Руслан Әлімбаев – қор­ғаушы (Қара­ған­ды), Болат Тыныбек – қор­ғаушы (Шымкент), Сергей Комаров – қорғаушы (Қарағанды), Әлібек Батырбеков – қорғау­шы (Талды­қорған), Владислав Васильев – қорғаушы (Қара­ғанды), Демият Сіләм­беков – жартылай қорғаушы (Алматы), Рүстем Әбідразақов – жартылай қорғаушы (Талды­қор­ған), Мақсат Тәйкенов – жартылай қорғаушы (Ақтау), Фарух Мірсәлімбаев – жартылай қо­р­ғаушы (Тараз), Абай Сейфуллин – жартылай қорғаушы (Тараз), Мағ­жан Әбдеш – жартылай қорғаушы (Шымкент), Қуаныш Мұханбет – жартылай қорғаушы (Шымкент), Едіге Оралбай – жартылай қор­ғаушы (Шымкент), Асхат Садыров – жартылай қорғаушы (Тараз), Жасұлан Шұбаев – жартылай қорғаушы (Қостанай), Данияр Дәулетбаев – жартылай қор­ғау­шы (Тараз), Айсабек Сәрсен­ғалиев – шабуылшы (Ақтау), Айболат Макуов – шабуылшы (Атырау), Әбіл­мәнсүр Рашатов – шабуылшы (Алматы), Мейіржан Қам­был – шабуылшы (Шымкент), Ерназар Құмар – шабуылшы (Алматы), Манар Нүфиев – жаттық­тырушы, Ерік Жанұзақов – үй­лестіруші, аудармашы.

Айнаш ЕСАЛИ.

Алматы.