Минскіде өтіп жатқан «Балалар Евровидениесінің» финалдық кезеңін сағат 21:00-де «Хабар 24» арнасы тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды 24.kz.
Қазақ елі бұл өнер сайысына тұңғыш рет қатысып отыр. Байқауда еліміздің намысын Данэлия Тулешова қорғауда. Ол Ұлттық іріктеу конкурсының жеңімпазы.
Естеріңізге сала кетсек, телекөрермендердің дауыс беруі қарашаның 23-і мен 25-і аралығында junioreurovision.tv сайтында өтіп жатыр.