• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Бокс 04 Желтоқсан, 2018

«Astana Arlans» бокс клубы таратылады

596 рет
көрсетілді

«Astana Arlans» бокс клубы таратылады. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Данияр Әбілғазин спорт ұйымының баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Келесі маусымнан бастап жобаға қатыспайтын боламыз. «Astana Arlans» командасы таратылады», деді Әбілғазин.

«Astana Arlans» боксшылары сегіз жыл ішінде бес рет Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) финалында өнер көрсетті. Қазақстандық команданың есебінде үш қола жүлдесі бар. «Астана Арландары» мен «Куба Домадорес» турнирдің ең атақты командалары.