«Жас Отан» ЖҚ белсенділері Астанадағы «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына қонаққа барды.
Жасотандықтар балаларға ойыншықтар мен тәттілер сыйлап, орталықтың кішкентай тұрғындарының көңіл-күйін көтерді.
Мекемеде БЦП (ДЦП), эпилепсия, физикалық, психикалық даму бөгелісі диагноздарымен 3 жастан 29 жасқа дейінгі 277 мүгедек-бала қаралады. Ал күндізгі бөлімде 156 бала бар. Балалар даму деңгейіне байланысты қозғалмалы ем, әлеуметтік бейімдеу, әлеуметтік-тұрмыстық бағыт-бағдар беру, әлеуметтік еңбекке үйрету секілді сабақтарға қатысады.
1992 жылдың аяғында БҰҰ Бас Ассамблеясы 3-ші желтоқсанды мүгедектер күні деп жариялады. Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады. Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні - осы бір тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір көз қырымызды салып, жанына желеу болуға мүмкіндік жасайды.