• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Желтоқсан, 2018

Садриддин Ахметов 14 желтоқсанда жұдырықтасады

882 рет
көрсетілді

Орта салмақтағы Қазақстанның дарынды кәсіпқой боксшысы Садриддин Ахметов өзінің келесі жекпе-жегін 14 желтоқсанда Канданың Эдмонтон қаласында өткізеді. 

Кезінде жастар арасында әлем чемпионы атанып, бұл күндері кәсіпқой рингті шайқап жүрген қандасымыз өзінің алтыншы кездесуін өткізгелі отыр. Бұған дейінгі бәсекелерінің барлығында ол айқын басымдықпен аяқтады. Соңғы рет Садриддин шаршы алаңға 25 қарашада шығып, мексикалық Хосе Франсиско Зуниганы екінші раундта ұрып шыққан еді.

Эдмонтонда Садриддин Ахметов Мексиканың тағы бір боксшысы Элиуд Мелендез Рочамен айқасады. 29 жастағы ацтектер елінің өкілі осыған дейін 26 кездесу өткізіп, 14 рет жеңіске жетті. 9 қарсыласын нокаутқа жіберді. 9 мәрте ұтылып, екі бәсекені тең аяқтады.

 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»