• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Желтоқсан, 2018

Франция: Даудың басы неден басталды?

583 рет
көрсетілді

Францияда жарты айға созылған наразылық шерулерінің салдары ел экономикасын айтарлықтай шығынға ұшырата бастады. Өткен жұмада Франция бөлшек сауда федерациясы елдегі осы саладағы қауым «Сары жи­лет­­тілер» шеруі басталғалы ша­­мамен бір миллиард еуроға жуық шығынға душар болғанын ха­барлады. Ал Париж мэрі Анн Идальгоның мәлімдеуінше, өткен сенбі күні қалаға келген шы­ғынның көлемі 4 миллион еуроға жуықтаған.  

Euronews-тің жазуынша, Фран­цияның Galeries Lafayette, BHV Marais және Printemps сияқты ірі сауда орта­лықтары осы аптаның демалыс күндері жұмыс істе­мейтінін хабарлаған. «Рожд­естволық қарбалас орнына Париж көшелерінде дауыл ал­дындағы тыныштықтың лебі сезіледі» деп жазады басылым. 

«Сары жилеттілер» деген кімдер?

Еуроодақтың белді мү­шесі – Фран­­ция­дан маза қаш­қанына айға жуық­тап қалды. Бастапқыда әлеуметтік желіде тұтанған «сары жи­леттілер» наразылығы 17 қара­шада тұ­тас елді қамтыды. Арада бір-екі апта өткенде қозғалыс аса ауқым­ды қарсылық акция­сына ұласты. Содан бері айға жуық уа­қыт ішінде әр аптаның соңында Фран­ция халқы қарсылық акциясына шығып, шерулер соңы полициямен қақтығысқа ұласты. 

«Сары жилеттілер» атауы де­монстранттардың жарық­пен ша­ғы­лысатын жилеттерді киіп шы­ғуы­нан пайда болды. Мұндай киім Фран­ция­дағы әрбір көлік жүр­гізушісінде болуы тиіс, апаттық жағ­даймен жол-жөнекей кідірген кезде, жүргізуші машинадан осындай жи­летті киіп шығуы керек. Қозғалыс құрамы әр­түрлі әлеу­мет­тік топтар өкілде­рі­нен, әртүрлі жас­тағы аза­мат­­­тардан құралған. Қоз­ға­лысты жақтаушылар арасында жұмыс­сыз жастар мен зейнет­керлер де, тө­мен жалақы алушылар да бар. Кө­шедегі акцияларға әсіре оңшылдар да, әсіре солшылдар да қатысуда.

Даудың басы

Толқу үкіметтің бензин мен дизель отынына салық­ты арттыру шара­сы себеп болды. Сонымен қа­тар кө­мірқышқыл газы­ның шыға­ры­­луы­­на да салық ұлғайту жос­пар­ланған-ды. 

Франция президенті Эммануэль Макронның бұдан бұрын 1,3 млн еуродан асатын байлығы бар адамдарға салынатын салықты 70 пайызға қыс­қартуға келісуі де отқа май құя түс­ті. Жылына миллион еуродан астам табыс табатын қалталы азаматтарға 75 пайыздық салық салу шешімін елдің бұрынғы президенті Франсуа Олланд 2013 жылы енгізген болатын.

Наразылық акциясы бас­талғаннан бері change.org сайтында жанармай құнын төмендету жөніндегі пети­цияға 850 мыңнан астам адам қол қойып үлгерген. 

UFIP мұнай өнеркәсібі федера­циясының деректері бойынша, соңғы кезде Фран­цияда дизель отынына қо­­йылған баға 16%-ға өскен. Би­ылғы орташа есеппен алғанда, дизель литріне 1,24 еуродан (1,41 дол­лар) 1,48 еуроға (1,69 долларға) қымбаттаса, қазан айын­да баға шарық­тап, 1,53 еуроға жетіп отыр.

Мұнайдың нарықтағы көтерме бағасы қымбаттаған­дықтан, Франция секілді мемлекеттерге ауыртпалық тү­сетіні белгілі. Мәселен, 2018 жылдың бірінші жарты­сында Brent маркалы мұнай­дың құны барреліне 60 доллардан тұрған болса, қазан айында 86,07 долларға дейін жетті.  Ел үкіметі өткен аптаның соңында на­разылық акциясына алдын ала дайын­далып, қауіпсіздік шараларын кү­шейтті. Сенбі күні көптеген мәде­ни орындарды, соның ішінде Эйфель мұнарасын, Лувр мен өзге мұра­­жайларды, тағы да бір­қатар ны­сан­дарды жабу жө­нінде шешім қабылдады.

Полиция орталық көше­лерге жақын орналас­қан дүкендер мен мейрам­хана­лардың қожайындарын бұл күндері жұмыс істемеуге ша­қырды. Қоғамдық шаралар басқа күн­дерге ауыстырылды.

Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ,

«Егемен Қазақстан»