• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
12 Желтоқсан, 2018

Электронды сауданың экожүйесіне тағы бір қадам жасалды

364 рет
көрсетілді

Бүгін ForteBank dar Ecosystems-тің IT-өнімдерін сатып алғаны туралы жариялады, олар – DARBazar, DARBusiness, чат технологиясы және dar VIS чат. DAR Ecosystems электрондық ақша операторы болып табылады және Қазақстан Ұлттық банкі төлем ұйымының лицензиясы бар. Қазіргі таңда ForteBank реттеуіштен рұқсат алуды қоса алғанда, мәмілені аяқтау бойынша қажетті заңнамалық процедуралардан өтуде.

«IT-шешімдерді сатып алу ForteBank-тің цифрландыру және клиенттер үшін үздік инновациялық қызметтерді ұсыну бойынша өз позицияларын күшейту жолындағы келесі маңызды қадамы болып табылады. Біз адам факторынан тәуелсіз және онлайн саудадағы үздік тәжірибеге бағытталған электронды коммерцияның автоматтандырылған экожүйесін құруды жоспарлап отырмыз», деп түсіндірді ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.

Сатып алынған ForteBank өнімдерінің негізінде «ForteKassa» бизнес үшін жаңа өнімді іске қосады. Бұл шешім сауда нүктесін автоматтандырып қана қоймай, сатуға, базалық есепке алуға және қызметкерлерді басқаруға мүмкіндік береді. Технологиялық шешім екі бөліктен тұрады: сатушыларға арналған қосымша және бизнес иесіне арналған жеке кабинет.

Бұдан басқа, dar Ecosystems-тің басқа өнімдерінің негізінде инновациялық сервистер әзірленетін болады. Олар клиенттердің сұраныстарына жауап береді, күтуді алдын ала болжайды және өмір сүруді жеңілдетеді. Мысалы, Forte Market, онлайн дүкен құру клиенттерге арналған банктік емес өнімдер саласын толықтырады.