• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Желтоқсан, 2018

Тәуелсіздік күні БҚО-да 37 бала дүниеге келді

721 рет
көрсетілді

Ел тәуелсіздігінің 27-жылын тойлап жатқан мерекелі күні Батыс Қазақстан облысындағы перзентханаларда 37 нәресте дүниеге келді.

Тәуелсіздік күні өмір есігін ашқан сәбилер мен жас аналарды құттықтау – Батыс Қазақстан облысында дәстүрге айналған шара. Өңір басшысы Алтай Көлгінов Орал қаласындағы облыстық перинаталды орталық пен қалалық көпбейінді ауруханадағы перзентхана үйінде Тәуелсіздік күнінде дүниеге сәби әкелген аналарды арнайы құттықтап, сыйлық табыс етті.

- Өңір тұрғындары атынан Сіздерді мейрамдарыңызбен құттықтаймын. Сіздерге және кішкентай сәбилеріңізге денсаулық тілеймін, ал медицина қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, - деді облыс әкімі әр анаға бесік арба сыйлап тұрып.

Мұндай ерекше құрметке жас босанған аналар да өте қуанышты. «Тәуелсіздік күні келіп, бізді елеп жатырсыздар. Дәрігерлерге көп рахмет, солардың арқасында сәбилеріміз дүниеге келіп жатыр» дейді Айнагүл Серікқалиқызы.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мереке күні өңірде 20 ұл, 17 қыз дүние есігін ашқан. Соның ішінде облыстық перинаталды орталықта 10 ұл, 6 қыз, көпбейінді ауруханада 5 ұл, 9 қыз, ал аудандық перзентханаларда 5 ұл, 2 қыз өмірге келген. Сәбилердің де, аналардың да жағдайы жақсы.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан