Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханасында ақын, драматург, аудармашы, прозаик, сатирик Маржан Ершудің «Қожанасыр жырлайды» кітабының тұсаукесері өтті.
Белгілі аудармашы, жазушы Төрегелді Тұяқбаев жүргізген жиынға профессор Шерубай Құрманбайұлы, жазушы Ораз Қауғабай, Зафер Кибар, Оңайша Мандоки, Шыңғыс Мұқан қатысты.
«Қожанасыр жырлайды» кітабы – түрік жазушысы Махмұт Каяның 2017 жылы жарық көрген Салжұқ дәуірі стилінде жазылған кітабының аудармасы. Жаңа кітап мақсаты – қазақ халқының көркем және әдеби құндылығын, сондай-ақ адам өміріндегі фольклорлық шығармалармен таныстыру.
Түркі халқының ауыз әдебиетінің көрнекті кейіпкерлерінің бірі һәм бірегейі – Қожанасыр. Ол Түркияның Ақшехир қаласында дүниеге келген. Автордың айтуынша, кітапта Қожанасырдың бізге белгілі және белгісіз әзілдері өлең форматында ұсынылған. Өлеңдер жатталуға оңай, сондықтан халық арасында тез тарайтынына сенетінін жасырмады. Кітапта Қожанасырдың өмірі, туған жері туралы да ақпарат берілген. Түркі ауыз әдебиетін жастарға дәріптеу мақсатында жарық көрген кітап әдемі сурет-иллюстрациялармен көркемделген.
Маржан Ершу «Пырақ», «Аламан», «Шырақ» кітаптарының авторы. Сонымен қатар, Нобель сыйлығының лауреаты Орхан Памуктың «Сезім музейі» романын қазақшаға аударған.