Бұған дейін Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов күдіктілердің анықталғанын айтқан болатын. Олар Қызылорда облысының тумалары. Әзірге олардың аты-жөндері толық аталмады. Министрдің айтуынша, қылмысқа күдіктілер үшеу және оларға іздеу жарияланды. Ал оқиғаның жай-жапсары бейнежазбада айтылған.
Айта кету керек, инспекторлар П.А. Ницык пен Е.Б.Нұрғалиев браконьерлердің ізіне түсіп, оларды ұстауға тырысқан оқиға қайғылы жағдаймен аяқталған еді. (Суретте «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары. Сол жақтағы - П.А. Ницык, оң жақтағы - Е.Б.Нұрғалиев)
Материалды әзірлеген Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ