• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Қаңтар, 2019

Апта фотосы: «Мың бала мен бір бала»

1359 рет
көрсетілді

Жастар жылының ашылу салтанатында түсірілген фото әлеуметтік желі қолданушыларының назарына ілікті.

Фотосуретте: «Жаужүрек мың бала» фильмінде басты рөлдерді сомдаған Аян Өтепберген, Асылхан Төлепов, Құралай Анарбекова және елімізді әлемге танытып жүрген Димаш Құдайберген.

Өнер қайраткерлерінің селфиге түсіп жатқан сәтін «Егемен Қазақстан РГ» АҚ фотокорреспонденті Ерлан Омар түсірген. Желі оқырмандары фотоға «Мың бала мен Бір бала» деген атау қойды.

Көпшіліктің назарын аударған фотосуретті «Egemen Qazaqstan» газеті «Апта фотосы» ретінде жариялайды.

Айта кетейік, 23 қаңтар күні «Нұр әлем» павильонында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өткен.