Аса ауыр салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкий Минскте өткен жекпе-жек кешінде шаршы алаңға шығып, тоғызыншы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады.
30 жастағы жерлесіміз Босния және Герцоговина елінің боксшысы Срдан Говедарицпен (6-7, 3 КО) жұдырықтасты. Алты раундқа есептелген кездесуде Кособуцкий қарсыласын бірінші раундта-ақ сұлатып салды.
Айта кетейік, Жан Кособуцкий Беларусь елінде осымен жетінші рет жұдырықтасты. Бұған дейін ол Ресей мен Украинада бір реттен жекпе-жек өткізген.