• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Қараша, 2012

Желкілдеп өскен құрақтай

531 рет
көрсетілді

Желкілдеп өскен құрақтай

Сәрсенбі, 7 қараша 2012 7:28

Қазақ поэзиясының пайғамбары, қазіргі клас­сикалық қазақ өлеңі үлгісінің негізін қа­лаушы Абай туған құнарлы топырақ өмірді өлеңмен өрнектеген өрелі өрендерден ешқашан кенде болған емес. Қойнауы құтты бұл өңірден әр замандарда жыр жарысының алғы көшінен табылып жүрген ерен жүйріктер жиі шығып отырған. Себебі, Абайға қарап бой түзеген ай­мақтың жұрты шынында «өлең – сөздің пат­шасы, сөз сарасы» екеніне әлмисақтан имандай сенген. Біз бұған айдан сәл астам уақыт бұрын Шыңғыстаудың етегі мен Қасқасудың бойында болып қайтқанымызда тағы көз жеткіздік.

 

Сәрсенбі, 7 қараша 2012 7:28

Қазақ поэзиясының пайғамбары, қазіргі клас­сикалық қазақ өлеңі үлгісінің негізін қа­лаушы Абай туған құнарлы топырақ өмірді өлеңмен өрнектеген өрелі өрендерден ешқашан кенде болған емес. Қойнауы құтты бұл өңірден әр замандарда жыр жарысының алғы көшінен табылып жүрген ерен жүйріктер жиі шығып отырған. Себебі, Абайға қарап бой түзеген ай­мақтың жұрты шынында «өлең – сөздің пат­шасы, сөз сарасы» екеніне әлмисақтан имандай сенген. Біз бұған айдан сәл астам уақыт бұрын Шыңғыстаудың етегі мен Қасқасудың бойында болып қайтқанымызда тағы көз жеткіздік.

Бұл жолы Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед бастаған делегация құра­мын­да Абай ауданының орталығына табан тіреген біз ха­кім­нің тура туған күніне тап келіппіз. Осы оқиғаға орай аудан әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбеков Қа­рауыл ауылындағы Абай ескерткіші түбінде ақын­ды еске алу шарасын ұйымдастырып қой­ған екен. Ауданға сапарын тап сол рәсімнен бас­таған Мұхаң сөз кезегі өзіне тигенде, үстінен су төгілмес тайпалған жорғадай бірден көсіліп сала берген. Өзі он­сыз да абайшыл тұлға ұлы ақы­ны­мыз туралы тереңнен толғағанда, аузын ашып, құлағын төсеп тыңдамаған адам қалмады. Осы жерде жиналғандар оның берген бағасы арқылы Абайды мүлдем жаңа қырынан танығандай болған. Мемлекеттік хатшының осын­ша­лық­ты тұ­шым­ды тұжырымдар айтатынын алдын ала білгендей, аудан басшылығы да жыр­ға ғашық бір топ өрендерді дайындап тұ­рыпты. Мәр­тебе­лі меймандардың рұқса­тын алысы­мен, солар­дың әрбірі жұрт ал­дына шығып, өз жүректерінің лүпілінен қайнап шыққан жыр шумақтарын бірінен кейін бірі төгілте бас­тады.Сүт пісірім мерзімге созылған осынау шұ­ғы­ла­лы шақтар Абай ауданы жерінің бүгінде «қа­зақ поэзиясының Меккесі» атанып жүр­ге­ні бекер емес екенін бір көрсетті. Ал көпшілік ал­ды­на шығып, жү­рекжарды жырларымен ұлы Абай­дың туған күніне орай шашу шаш­қандар тү­гел­дей мектеп оқушылары еді. Айт­қан­дай, осы бір шағын мүшәйра іспеттес сұ­лу сөздің сайысына күллі ауданның «та­лаптың тұлпарын мінген» түлектері қа­тысқан жоқ. Тіпті аудан орталығы – Қа­рауыл ауылының өзінің барлық мектептері қамтылмапты. Олар­ды бір ғана гим­назияның ой­лары озық, қиялдары ұшқыр қауырсын қанат талапкерлері құрады.Бізді бір таңқалдырғаны, ересектер ал­ды­на шығып, жырларын жатқа оқыған өршіл өрен­дер­дің өздерін емін-еркін ұс­тай білгендері бол­ды. Орынсыз қысы­лып-қымтырылуды, ұялып-қымсынуды білмеген шәкірттер ша­быт­тана жыр оқы­ғанда, әуеде ұшқан құс бір орнында қа­лық­тап тұрып қалғандай әсер етті. Сон­дықтан қа­дір­менді қонақтар мен ауыл ақсақалдары талап­керлердің бірінің аузы­нан шыққан: «Өтсе де талай ғасыр, талай заман, Алашқа күн көзіндей арайлаған, Дәл бүгін Шыңғыстаудың баурай­ын­да, Шыр етіп туған екен Абай бабам!» деген жыр жолдарын аса жылы қабылдады. «Сөз басы» деп аталатын бұл өлеңнің ав­торы Айдана Дәуренқызы гим­назияның 10-сыныбында оқи­ды. Жастығына қара­май, осы кезге дейін Мұ­қа­ғали Мақатаев атындағы республикалық сайыс­та екінші орын алса, Мерғали Ибраев атындағы об­лыс­тық мүшәйрада бас жүлдеге қол жеткізіпті. Айдана тек жырдан кесте тігудің ғана шебері емес, күнделікті сабақтың да үлгілісі. Оқушы­лар арасындағы облыс­тық пәндік олимпиадада жүлдегер ата­нып жүргенінің өзі осыны бай­қа­тады.Ал жоғарыда өлеңінің келесі шумақ­тарын ол былай жалғастырып әкетті:Жүз жетпіс жыл өтсе де содан бері,Өлген жоқ ұлтымыздың кемеңгері.Жақұт құсап жарқылдап келе жатыр,Өшпейтін өмірі бар өлеңдері!Жас талаптың келесі оқыған өлеңі «Жидебай – Байқоңыр!» деп хабарланды. Айдана осы арқылы ұлы Абайды дүниеге келтірген Жидебай өңірі ақындарды көк­ке ұшыратын өзінше бір ғарыш айлағы деген ойға қазық байлайды. «Байқоңыр ғарышкерлерді ал­қа­ра­көк аспанға қалай самғатса, біздің Жидебай ақындарды ай-жұлдызды зереннің зеңгіріне солай аттан­дырып отырады», дегісі келіпті оның. Және соны әдемі жеткізе білген.Небәрі бес шумақтан тұратын өлең­нің:Бұл Жидебай – аспанына қазақтыңАқындарды ұшыратын Байқоңыр! – деген тиянақ тастаған тоқтамы осыған нақты дәлел.Алғаусыз көңілден алабұртып ұшқан жа­сын жырдың бірінші шумағы да сәтті бас­тал­ған. Ондағы:Бұл Жидебай – шалқар дала шал­ғын­ды,Ақ селеумен орап алар алдыңды.Жидебайда жиде деген болмайды,Жидесіз-ақ тойдырады қарныңды, – деген төрттаған кім-кімді де еріксіз елең еткізер еді. Әсіресе, соңғы екі қатардағы сыңғырлаған үй­лесімнен әдемі бір леп еседі. Осы екі жол­дың өзі-ақ талапкерді «ақын» деп атауға ық­тияр береді.Абай ескерткіші түбінде жыр оқыған өрендердің арасынан біз қазірдің өзінде толық қалыптасып қалған тағы бір жасты тап басып, дөп танығандай болдық. Жұрт ал­дын­да өзін: «Серік Мұратов» деп та­ныс­тырған бұл бозбала Қарауыл гимна­зиясының 11-сы­ны­бында оқиды. Биылғы жылы Мұхтар Әуе­зовтің 115 жыл­ды­ғы­на орай Семей қаласында өткен облыс ақын­да­ры­ның мүшәйрасында бас бәйгені еншілеген. Мұның алдында рес­пуб­ликалық «Тарих ата» олим­пиадасында екін­ші жүл­дегер атанған. Со­ны­мен қатар, рес­пуб­ликалық Абай оқуларына жолдама алып­ты. Тағы бір сүйсінерлігі, дарын­ды жас­тың жа­лын жырлары осы тұсқа дейін жас ақын­дардың «Жастықтың оты жалын­дап» атты жи­нағына да еніпті.Серіктің үлкен ағалары мен әкелері ал­дын­да оқыған бірінші өлеңі «Бөрілінің бө­рі­сі» деп аталды. Демек, бұл да Шың­ғыстау шеңберіне шеру тартып тұр. Ал жасөспірім жұлдыздың сөз саптауы мен өлең оқуы ерекше. Өктемдеу естілетін өршіл даусына кестеленіп төгілген жыр дестесі үндесе кеткен кезде айналаны құлаққа ұрған танадай ты­ныш­тық бірден құрсаулап ал­ды. Осыдан шығар, оның: «Қасқыр да жоқ бұл жерде, бөрі де жоқ, Көрінбейді аңшының көзіне көп. Содан ба екен, мен кейде ойланамын, «Бө­рілі» деген құр ел сөзі ме деп?» деген жолдармен өрі­ле­тін өлеңін бірінші шумағынан бас­тап, соңына дейін деміңді ішіңе тар­тып тыңдауға қайыл­сың.Жас ақынның бұдан кейінгі шумақ­тары да бірден өзіне баурап әкетеді. Сон­дықтан оның:Қансонарда жортқан із көрінбейді,Ақ қарда тек жылқылар тебіндейді.Қасқырлардың қарасы жоғалған соң,Мал күзеткен маң төбет көп үрмейді.Маңқ етіп бір үргені – бір жылға азық,Итаяққа жүгірмес шыбжың қағып.Айдалаға «Бөрілі» деп ат қойыпты,Ат қоюға шебер ғой біздің халық.Осы арада туыпты Мұхтар атам,Сөз қадірін білгенге сырттан атам.Бөрі заман бөркімді ала қашар,Сол атама азырақ ұқсамасам, – деген кесіміне келіспеске лажың қалмайды.Келіскеннен кейін-ақ Серіктің ең соңын­дағы:Атам кетті ауылдан, бөрі кетті,Бөріні көргендердің көзі кетті.«Бөрілінің» бөрісі мен болайын,Тым құрыса, шулатып төңіректі, – деп түйінделетін түпкі шешімі заңды болып сезіледі. Біз сондықтан да оның келешекте тек Бө­рі­лі­нің, тек Қарауылдың, тек Се­мейдің тө­ңі­регіне ға­на емес, күллі қазақ даласының аты­рабына аты кеңінен та­ныл­ған жыр көк­жа­лы атана­ты­ны­на күмән келтіре алмасақ керек.Ұлы Абай ескерткішінің түбінде жо­сыл­­тып жыр оқыған ұландардың бар­лы­ғы бір білім ордасының өкілдері екенін жоғарыда айттық. Олардың бәрі Қа­зақ­стан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық Жамбыл қо­ры сыйлы­ғы­ның лауреаты, Мәдениет қай­рат­к­ері, Ы.Ал­тын­сарин атындағы төсбелгі иегері, белгілі ақын Төлеген Жанғалиевтің шә­кірт­тері болып шық­ты. Қарауыл гимна­зия­сында қазақ тілі мен әде­биеті пәнінен са­бақ беретін Төкең білім ордасы жанынан М.Ибраев атындағы «Ақсұңқар» атты ақындар сы­ны­бын ашып, көптен бері жас талапкерлерді тәрбиелеп келеді. Шәкірт­терінің алды бүгінде ере­сектер жыр бәйгелеріне қосылып та үл­геріпті.Аталмыш ақындар сыныбына аты берілген, өзіндік үні бар, өмірден ерте кеткен та­лант­ты ақын Мерғали Ибраев мар­құм өзінің бір өлеңінде: «Жыр жарыста білінер, Кімде қандай шама бар. Арты­мызда – інілер, Ал­ды­мызда – аға­лар», деп тебіренген екен. Міне, ақын үр­кер­дей үміт күткен ізетті інілерінің ілкімді ізба­сар­­лары қазіргі таңда Абай ауданы аума­ғында да аз емес. Желкілдеп өскен құ­рақ­тай жетіліп келе жатқан сол тегеурінді толқынның күні ертең «жыл келгендей жа­ңа­лықты сездіре» беретініне біздің лайым сенгіміз келеді.Серік ПІРНАЗАР,«Егемен Қазақстан».Шығыс Қазақстан облысы,Абай ауданы.