• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Қазан, 2012

Жиырма жыл – жиырма белес

423 рет
көрсетілді

Жиырма жыл – жиырма белес

Сенбі, 13 қазан 2012 7:12

Азат елдің іргесін бекітіп, саясат пен экономика тұрғысынан ілгері қадам басқан еліміз сонау тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан-ақ сыртта жүрген қандас­та­ры­мызды іздеп, олармен тонның ішкі бауындай бай­ланыс жасап келе жатқанына жиырма жылға жуықтапты. Кеше Алматыдағы Ғылым ордасында Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының 20 жылдығы шеңберінде «Этникалық қазақтардың репатриациясы Қазақстан мемлекеті көші-қон саясатының құрамдас бөлігі ретінде: жетістіктері, мәселелері мен оларды шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

 

Сенбі, 13 қазан 2012 7:12

Азат елдің іргесін бекітіп, саясат пен экономика тұрғысынан ілгері қадам басқан еліміз сонау тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан-ақ сыртта жүрген қандас­та­ры­мызды іздеп, олармен тонның ішкі бауындай бай­ланыс жасап келе жатқанына жиырма жылға жуықтапты. Кеше Алматыдағы Ғылым ордасында Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының 20 жылдығы шеңберінде «Этникалық қазақтардың репатриациясы Қазақстан мемлекеті көші-қон саясатының құрамдас бөлігі ретінде: жетістіктері, мәселелері мен оларды шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

– Осыдан 20 жыл бұрын, 1992 жылдың қыркүйегінде, Қазақстан Президентінің бастамасымен, ұлт тарихының сындарлы тұсында мемлекеттік шекарамен алшақ­та­лып, саяси жүйемен бір-бірінен қол үзіп қалған қазақ халқының өткенін екшеп, келешегін анық­тауға, ел тұтастығына шақыруға бағытталған міндеттерді мақсат еткен Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы Алматыда алғаш рет шақырылды, – деді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төраға­сының бірінші орынбасары Тал­ғат Мамашев.Тұңғыш Құрылтайда Дүние­жү­зі қазақтары қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәсе­лелері талқыланды. Бұдан кейін де, Елбасының тікелей қамқор­лы­ғымен, әлемнің 35 елінен қан­дастарымыз қатынасқан үш Құ­рылтай – Түркістанда және Астанада болып өтті. Төрт құрыл­тай­да да Дүниежүзі қазақтары қа­уым­дастығының Төрағасы болып Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.Дүниежүзі қазақтары қауым­дастығының қоғамдық ұйым ре­тіндегі мақсаты әлем картасында белгіленген жаңа егемен мемлекет – Қазақстанның халықаралық беделінің артқанын, мемлекеттік ұйымдарда отырған басшыларға қазақ диаспорасының мәселе­ле­рін, өзекті өртеген мұңдарын, қазақтардың тарихи отаны – атамекен жерлеріне деген ниет-ті­лектерін жеткізу. Біздің байқауы­мыз бойынша, шетелдердегі отандастарымыз қай жерде өмір сүрсе де олардың өзінің ұлттық болмысын, салт-дәстүрін, мәде­ние­тін сақтап қалуға, басқа ұлтпен тату-тәтті өмір сүруге деген ұмтылысы, тарихи отаны – Қазақстанмен байланысын ны­ғайту оларға тән ерекше қасиет. Қауымдастықтың ықпал етуімен Қытайдан, Сауд Арабиясынан, Ираннан, Түркиядан және де басқа елдерден қазақтар Қазақ­станға көптеп көшіп келді. Шет елден елге оралуды ұйымдас­ты­руда оралман ғалымдардың ерен еңбектерін атап көрсеткеніміз жөн. Олардың ерлігі көптеген қазақ отбасыларының азаматты­ғы­ның өзгеруіне үлгі болды. Ол ғалымдардың бір бөлігі шетелдерден кәсіби маманданып келген болса, екіншілері мемлекет қолдауымен аспирантура мен докторантурадан өтіп, қазақстан­дық ғылым ордаларын толы­қ­тырды. Мысалы, Моңғолияның бұрынғы Премьер-министрінің орынбасары, сол елдің Парламент төрағасының орынбасары, докторлық диссертациясын Мәс­кеуде қорғаған Зардыхан Қинаят­ұлы, сонымен қатар, Қытай қа­зақ­тары арасынан алғашқы тарих ғылымдарының докторы Бақыт Еженханұлы қазіргі кезде Шы­ғыстану институты бөлімінің және біздің Қауымдастықтың Диаспорология орталығының мең­герушісі. Мұндай тізімді одан әрі де жалғастыра беруге болады.Шынымен де, тәуелсіз жиырма жыл ішінде Қазақстан сапа­лық жаңа деңгейге көтерілді. Еліміздің осы оңды өзгерістеріне ата-бабалар жеріне келіп, өмірдің сан-саласына біте қайнасып кеткен этникалық қазақтардың үлесі мол. Алдағы жоспарымыз бұдан да күрделене түспек. Өйткені, заман талабы солай. Шетелдердегі диаспорамен мәдени, ағартушы­лық, рухани, ақпараттық байланыстарды орнатуда жаңа әдістер керек. Қазақстан жоғары мектебі арқылы диаспораның ұлттық интеллигенциясын қалыптастыру, оларды қолдау саясатын жүргізу қажет…Конференцияда талқыланған мәселелердің ауқымы кең. Филология ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижанов шет ел қа­зақ­тарының әдебиеті мен өнері жөнінде келелі әңгіме өрбітті.– Әлемдік жаһандану үдерісі жағдайында ұлттық әдебиет пен өнер мәселелерін тереңірек зерт­теудің мән-маңызы зор, – деп бас­тады әңгімесін Уәлихан Қали­жанұлы. – Осы ретте Қазақстан­нан тысқары елдерде өмір сүре­тін қазақтардың әдебиеті мен өнерін арнайы зерттеу аса ма­ңызды. Қазір әлемнің қырықтан астам мемлекетінде 5 миллионға жуық қазақ диаспорасы тұрып жатыр. Олар шетелдердегі аз этникалық топ болғандығына қа­рамастан, әрдайым өздерінің ата­мекені Қазақстанмен рухани-мәдени және шаруашылық байланыста болуға тырысады. 2011 жылдың 25 мамырында Астана қаласында өткен Дүниежүзі қа­зақ­тарының ІV құрылтайында Елбасы, Қауымдастық Төрағасы Н.Назарбаев «Қазақстан – дү­ние­дегі әр қазақтың қастерлі құбы­ласы» атты баяндама жасаған болатын. Елбасының осы құрыл­тайда сөйлеген сындарлы сөзінен туындайтын бүгінгі күн талаптарын негізге ала отырып, қазақтар тығыз қоныстанған көрші елдер – Ресей, Қытай, Моңғолия, Өз­бек­стан, Түркіменстан қазақта­ры­ның әдебиеті мен өнерін бір­тұтас ұлттық құндылықтар тұр­ғы­сынан жан-жақты зерттеудің маңызы зор. Бұл елдерде тұратын қазақтар әдебиеті мен өнері осы­ған дейін диссертациялық ең­бек­тер ауқымында ғана қарасты­рылып келгенімен, мемлекеттік бағдарлама деңгейінде кең ауқым­­да зерттелген жоқ еді.  Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 2012-2014 жылдарға жоспарлан­ған «Шетелдердегі қазақ әдебие­ті мен өнері» атты бағдарлама дайындады. Оның басты мақсаты – отандастарымыз тығыз қоныс­танған көрші елдердегі қазақ әдебиеті мен өнерінің бір жарым ғасырлық тарихына терең барлау жасап, дүние жүзі қазақтары әде­биеті мен өнерінің негізгі даму бағыттары мен мақсат-міндетте­рін айқындау барысында шығар­машылық үндестік, сабақтастық принциптерін негізге ала отырып ілгері ғылыми еңбек жазу.Ғылыми жиында әлемге тарыдай шашырап кеткен қандас­та­рымыздың көптеген мәселелері күн тәртібіне қойылды. Тарих ғы­лымдарының докторы, про­фес­сор, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология инсти­ту­тының бас ғылыми қызметкері Зардыхан Қинаятұлы Қауымдас­тықтың құрылуын қазақтың тағ­ды­рынан туған тарихи құбылыс деп бағалады. 1990 жылдары ата­мекеніне атбасын бұрған қазақ­тарды құшақ жая қарсы алып, ағайынды ағайынмен қауыштыр­ған алтын көпір болды. Қауым­дастық осылайша атажұртын аңсап келген қазақтардың ат байлайтын ақ отауына айналды.– Біздің қазақ отаршылдық сая­саттан жапа шеккен халық­тар­дың бірі, – деді Зардыхан Қи­наят­ұлы. – 1990 жылдары ата­жұрт­қа бет бұрған қазақ көші қазақты этнодемографиялық және рухани құлдыраудан құтқа­ру жолында жасалған игі қадам­дардың бірі болатын. 1989 жылы Кеңес одағы көлемінде жүргізіл­ген жан санағының ресми қоры­тындысына жүгінсек, қазақтар республикадағы 16 199,2 мың халықтың 40,1 пайызын құрай­тын. Ұлттық құлдыраудың мұн­дай көрсеткіштері әлемде сонша­лықты көп болмаған. Оқиғаны дұрыс бағамдау үшін көш үде­рісін бірнеше кезеңдерге бөліп, талдап көрсетті көрнекті ғалым.Зерделі әңгімесін аяқтай келе Зардыхан Қинаятұлы шетелдегі қазақ ағайындарды тығырыққа тіреп отырған мәселені де тілге тиек етті. 2011 жылы қабыл­дан­ған «Халықтың көші-қоны туралы» жаңа Заңында кейбір ілгері­леушіліктермен бірге қателік­тер­дің де кеткенін ашық айтты. Бұл заң азаматтық, меншік және басқадай заңдармен үйлестіріл­ме­гендіктің салдарынан қателік­терге ұшыраған. Мысалы, ата­жұрт­қа келемін деушілер және келіп алса да азаматтық ала алмай жүргендер үшін ендігі жерде бұрынғы тұрған елінің азамат­тығынан біржола шығып келу немесе анықтама әкелу міндеттел­ген. Бұл БҰҰ Бас Ассамблеясы 1948 жылы 10 желтоқсанда қа­был­даған «Адам құқығының жал­пы ережелерін» былай қой­ған­да, азаматтардың конститу­ция­лық құқығына қайшы келеді. Сонда ҚХР, Моңғолия, Өзбекстан Республикасы өз азаматына «Бұл біздің елдің азаматтығынан ш­ы­ғарылды» деген анықтаманы қа­лай бермек?! Осыдан болып, әзірге квота және азаматтық алу мәселесі тоқтап тұр. Меніңше, осы мәселелерді реттемей қазақ көші көлікті бола алмайтын түрі бар…Батыс Еуропадағы бірқатар елдерде қазақ диаспорасының өкіл­дері өмір сүріп келеді. Мұн­дағы қазақтардың алғашқы легі 1961 жылы Германия мен Түркия арасында қол қойылған «Еңбек миграциясы» туралы келісім шарт бойынша 1962 жылдан бас­тап Түркиядан Германияға қо­ныс аударған. Түркиямен сондай келісім-шарттар ол кезде еңбек күшіне мұқтаж басқа Еуропа ел­дерімен де жасалған. Сол еңбек миграциясы келісім-шарттары не­гізінде қазақтар Германияға қоса Швеция, Франция, Австрия, Норвегия, Дания және Швейцария сияқты елдерге көшіп барған. Сондай-ақ Түркиядағы қазақтар­дың өз беттерінше Голландия, Франция, Ұлыбритания және Австрия сияқты елдерге қоныс аударуымен толыға түскен.Саясаттану ғылымдарының докторы, Еуропа Қазақ қоғамда­ры федерациясының төрағасы Кесижи Абдулқаюм өзі басқарып отырған ұйымның жұмысына ке­ңінен тоқталды. Оның айтуынша, Еуропа қазақтары қоғамдық ұй­ым­дар құрып, солардың айналасына топтаса бастаған. 1980 жыл­дар­дың басында тұңғыш рет Германияда құрылған қазақ мәде­ниет қоғамдарының қатарына бас­қа Еуропа елдерінде құрылған қазақ қоғамдары да қосылған. Осы орталықтары өзара байланыс­тарын, жұмыстарын белгілі бір жүйеге келтіріп, үйлестіріп отыру мақсатына орай «Үйлестіру кеңестері» ұйымдастырылып сол арқылы бәрінің басын қосатын бір шаңырақ ұйым құруды қолға алған. Осы бағыттағы жұмыс­тар­дың нәтижесінде, Еуропадағы он қазақ қоғамы 2009 жылы ресми түрде «Еуропа Қазақ Қоғамдары Федерациясын» құрған.Қазірге дейін атқарылып отыр­ған ізгі ниетті іс-әрекеттерге, ша­раларға қарамастан, Еуропа қа­зақ­тары арасында қазақ тілінің жағдайы жыл өткен сайын нашарлап бара жатқанын, әсіресе, жас буынның ана тілін мүлдем білмей, ұмыта бастағанын мо­йын­дауға мәжбүрміз, – дейді Кесижи Абдулқаюм, – Дегенмен, мұндай ұнамсыз беталысқа қар­сы қол қусырып, жайбарақат отыр­ған жайымыз жоқ. Мысалы, Лондон, Париж, Кельн, Мюнхен және Вестерос сияқты қалаларда курстар ұйымдастырылды. Аптасына бір рет оқытылатын қазақ­ша үйрену курстарына қызығу­шылық көп болды. Өйткені, ол курстарға балалар, жастар, ересек кісілер де қатысады.Еуропадағы қазақтардың ұлт­тық салт-дәстүрлерді қаншалық­ты сақтағандығына келетін бол­сақ, жағдай жаман емес. Құда түсу, қыз ұзату, үйлену тойлары, шілдехана, бесік той, тұсау кесу рәсімдері, азан шақырып, балаға ат қою дәстүрлері, баланы сүн­дет­ке отырғызу салты, қайтыс болған кісіге жетісін, қырқын беру, жыл айналғанда асын өткізу, ораза айында құран-хатым түсіру сияқты жоралғылар, салт-дәстүр­лер азды-көпті өзгешеліктермен бұрынғысынша орындалып ке­леді. Конференцияда сөз алған филология ғылымдарының докторы Ислам Жеменей, тарих ғы­лымдарының докторы Серік Әжіғали, Ресей қазақтары ұлттық мәдени орталығының төрағасы, Ресей Федерациясы президенті жанындағы ұлтаралық қатынас­тар кеңесінің мүшесі Тоқтарбай Дүйсенбаев, өзбекстандық қоғам қайраткері Үсен Асқаров, экономика ғылымдарының докторы Ғалымжан Дүйсен, философия ғылымдарының кандидаты Әл­жан Қуаныш, философия ғылым­да­рының докторы Серік Нұрмұ­ратов сияқты ғалымдар және қо­ғам қайраткерлері өз ойларымен ортақтасты.Дүниежүзі қазақтарының қа­уымдастығы Елбасының шынайы қолдауы мен қамқорлығының нә­тижесінде қазақ диаспорасымен байланыс жасауды барынша ны­ғайтып, жиырма жыл ішінде биік белестерге көтеріліп, айтарлық­тай табысқа жеткені атап айтылды.Конференция жұмысына Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әлібек Асқаров қатысты.Бүгін М.Әуезов атындағы ака­демиялық драма театрында Мә­дениет және ақпарат министр­лігі Тіл комитетінің қолдауымен Дү­ниежүзі қазақтары қауымдас­тығының құрылғанына жиырма жыл толуына арналған салтанатты мерекелік шара өтеді.Шарафаддин ӘМІРОВ,«Егемен Қазақстан».Алматы.