• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Қыркүйек, 2012

Тату көрші туыспен тең

432 рет
көрсетілді

Тату көрші туыспен тең

Сейсенбі, 18 қыркүйек 2012 8:22

Қазақстан мен Ресей арасында достық көпірі жыл өткен сайын нығайып, кеңейе түсуде. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері тек жақсы жағынан ғана дамып келе жатқан екі ел арасындағы қарым-қатынас түрлі бағытқа қанат жайып, қай салада болмасын ортақ шешімдер өз жемісін беруде. Алыс-берісіміз артып, сауда-экономикалық байланыстар жақсарып келеді.

 

Сейсенбі, 18 қыркүйек 2012 8:22

Қазақстан мен Ресей арасында достық көпірі жыл өткен сайын нығайып, кеңейе түсуде. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері тек жақсы жағынан ғана дамып келе жатқан екі ел арасындағы қарым-қатынас түрлі бағытқа қанат жайып, қай салада болмасын ортақ шешімдер өз жемісін беруде. Алыс-берісіміз артып, сауда-экономикалық байланыстар жақсарып келеді.

Білім саласында да бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылып, елдердің қуаттылығын арттыра түсетін білікті мамандар даярлауда да озық белестерді бағындыруда. Осы орайда, білім ғана емес, рухани, мәдени байланыстардың ұйытқысы болып жүрген Қазақстан-Ресей университетінің мән-маңызы зор. Бұл пікірімізді Қазақстан-Ресей университетінің атқарушы директоры Әбдіғали ЖАНДЫҒҰЛОВПЕН әңгімеміз де дәлелдей түседі.

– Әбдіғали Режепұлы, биыл Қазақстан мен Ресей арасын­да­ғы достық,әріптестік және өз­ара түсіністік туралы келісімге қол қойылғанына 20жыл толып отыр. Әрине, бұл мерейлі жылдың Қазақстан-Ресейуни­вер­ситеті үшін де маңызы зор екенін білеміз. Сондай-ақ, ал­да­ғыжылы бұл университеттің ашылғанына 15 жыл толғалы отыр екен. Осыуақыттар ара­лығын бажайлай отырып, екі ел арасындағыбайланыстарды қалай бағалайсыз?

– Ресей – ежелгі «құдай қос­қан көршіміз», сондай-ақ бұрын-соңды бір атаның баласындай бір Одақта болған, бір «үйде» өскен елміз. Біз әуел бастан ол елмен тығыз қарым-қатынас орнатуға ай­рықша басымдық беріп келе­міз. Біздің тараптан ғана емес, жалпы Ресейдің жағы да Қа­зақ­станды өзінің басты одақтасы әрі баянды да іскер әріптесі ретінде бағалайды. Бұл орайда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының, одан беріде Кеден одағының, Біртұтас экономи­ка­лық кеңіс­тік­тің құрылуының маңызы зор деп ойлаймын.

Өңірлік қауіпсіздікті қамта­ма­сыз етуден бастап, өмірдің бар­лық салаларындағы мәселелерді, мәдени-гуманитарлық бағыттағы жобаларды жүзеге асыруға дейін Қазақстан мен Ресей өте тығыз байланыста жұмыс істеуде. Яғни, екі елдің одақтастық қарым-қа­ты­настарының ауқымы кең. Бү­гінде екі елдің тату көршілік ын­тымақтастығы Еуразия өңірінде тұрақтылық пен қауіпсіздіктің маңызды факторына айналып отыр деуге болады. Осылайша екі елдің сауда-экономикалық бай­ланысын жандандыру екі­жақ­ты ынтымақтастықтың маңызды өзегіне айналды.

Иә, биыл екі ел арасындағы Достық, ынтымақтастық және өз­ара көмек туралы базалық келісімнің жұмыс істегеніне 20 жыл толды. Бұл шарттың негізгі мазмұны көп ғасырлық тарихи байланыстары бар екі тату елдің бір-бі­рімен байланысын одан әрі жетілдіре түсуіне айрықша ықпал етті. Осы келісімнің негізінде Қа­зақстан мен Ресей шын мәніндегі жемісті қарым-қатынас жасай білудің үлгісін көрсетті.

– Қазақстан-Ресей универ­си­теті де елдер арасындағы осындайдекларациялардың бірі негізінде құрылды емес пе…

– Дұрыс айтасыз, бұл университет 1998 жылы екі ел Пре­зи­денттері Н.Ә.Назарбаев пен Б.Н.Ельциннің қолдары қойыл­ған, ХХІ ғасырға бағдарланған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Мәң­гілік достық пен ынтымақ­тас­тық туралы декларацияға сәйкес 1998 жылы құрылды. Декларацияда қазақ-орыс және орыс-қазақ тілді оқу мекеме­лері­нің құрылуы қарастырылған болатын. Ал университеттің жұмыс жасауының мақсаты мен фактісі 2002 жылғы 29 қаңтардағы Қа­зақ­стан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Ресей Федерациясының Білім ми­нистр­лігі арасындағы келісіммен бекітілді.

– Қазақстан мен Ресей қа­рым-қатынасын жетілдіре тү­су­ге молмүмкіндігін жасап отыр­ған аймақаралық ынты­мақ­тастық форумыныңби­ыл­ғ­ы тақырыбы «Қазақстан мен Ресей кә­сіп­орындарынинновациялау мен жаңғырту» деп аталып отыр. Бұл дегеніміз – өндірісорындарын заманауи дүниелер­мен жабдықтап, жаңа техноло­гия­­ныигеруге, ғы­лым­ның соң­ғы жаңалықтарын тә­жірибеге ен­гі­зугебағыттай­ты­ны белгілі. Осы тұрғыда, әрбір білім ордаларында замансұра­нысына сай білімді мамандар даярлауға талап туындайтыны сөзсіз.Ал сіздердің универ­си­теттеріңіз бұ­ған қаншалықты дайын?

– Университет қазіргі уақытта білім берудің көп деңгейлі моделін жүзеге асырып, еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып, бакалавриаттың 15 мамандығы бойынша, магистратурадан 4 мамандық дайындайды. Университетте жоғары білікті мамандар қызмет етеді, штаттық профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми дәрежесі 60 пайызды құрайды.

2003 жылы Астанада са­лын­ған әлемдік стандарттарға сай заманауи оқу кешенімен де мақ­тана аламыз. Оның жаңа корпу­сы­ның тұсаукесеріне Елбасының өзі қатысып, университеттің бү­гін­де басты негізге алған қа­шықтан оқыту технологиясына жоғары баға берді. Бүгінде біз Ресейдің Қазіргі заманғы гума­ни­тарлық академиясымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу­де­міз. Ал бұл академия ТМД және бірқатар алыс шетелдердің ұлан-­ғайыр территориясында 170 мың­нан аса адамның қашықтан оқуын жүзеге асыратын мегауниверситет екені баршаға мәлім. Қазақстан-Ресей университеті ин­новациялық білім технологиясын енгізетін және оқу үрдісінде осы технологияны қолдануда бо­лашағы бар жаңа типтегі оқу мекемесі ретінде бағаланады.

– Қазақстан-Ресей уни­вер­ситеті екі ел арасында білім ғана емес, рухани байла­ныс­тардың да «бір шетін ұстап» отырғанын білеміз. Яғни, орыс елін қазаққа таныту ғана емес, керісінше, қазақты шетелге танытуда қыруар жұмыстар ат­қарып жатқандарыңыздан хабардармыз. Тіпті, университет ішінен Абайтану орталығының ашылуы адамға ерекше әсер береді екен. Саяси-эконо­ми­ка­лық жағы өз алдына, жалпы ел­дердің рухани жақын­да­суы­ның рөлі қашанда жоғары ғой…

– Екі ел арасындағы рухани-мәдени ынтымақтастыққа қатыс­ты іс-шараларға біздің университет барынша атсалысып тұрады. Ал 2006 жыл Қазақстан мен Ресей президенттерінің шешімімен Қазақстанда Пушкин, Ресейде Абай жылы болып жарияланды. Соның нәтижесінде Мәскеуде Абай­ға арналып ескерткіш ор­на­тылғаны белгілі.

Біздегі Абайтану орталығы – Астана қаласы бойынша жалғыз Абайтану орталығы. Ол 2010 жылы ашылды. Содан бері бүкіл Абайға сусындаған Астана тұр­ғын­дары мен қонақтарына барынша қызмет көрсетіп келеді. Әсіресе, шетелдерден келуші­лердің ықыласы зор.

Біз – қай елмен болмасын ынтымақтастық пен татулықты алдыңғы орынға қойған елміз. «Біздің мемлекетіміз Шығыспен де, Батыспен де бірлесіп іс-қимыл жасауға әзір. Сонымен қатар, қарым-қатынасты жасай отыра, біз тарихи тамырластық жайлы да ұмытпауымыз қажет, сонымен қатар, қарым-қатынасты құра отырып, біз бізге жай ғана территориясы жағынан ғана жақын емес, туыс болып кеткен елдер туралы да ұмытпауымыз қажет, олардың арасында мен бірінші кезекте Ресейді айтып отырмын. Біздің Ресеймен достығымыз бір ғасырға жуық уақытты алып, бұл жылнамада көптеген жарқын бет­тер­дің болғанына тарих та куә бол­ды», деген еді Елбасы бір сөзінде.

Біз – қашанда татулықты ту етіп ұстаған бірліктің бесігіміз. Елдегі қаншама этностың тату өмір сүріп жатқандығы да біздегі рухани жақындастықтың, рухани құндылықтарды бағалаудағы ұқ­сас­тықтың, мәдени ой-дүниенің ортақтастығының нәтижесі деп ойлаймын.

Әңгімелескен

Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».