• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Президент 07 Ақпан, 2019

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

389 рет
көрсетілді

Жиында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының іске асырылу барысы және алдағы кезеңге арналған міндеттер, сондай-ақ, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Басқосуда Ұлттық қауіпсіздік стратегиясына қатысты іс-шараларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдардың үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтіліп, осы сала бойынша алдын алу шараларын уақытылы әзірлеу қажеттігі айтылды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.