• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Ақпан, 2019

ШОБ қала экономикасына 4 млрд теңге инвестиция құйды

339 рет
көрсетілді

Өткен жылы Талдықорған қаласының өнеркәсіп орындары 73 млрд теңгенің өнімін өндірген. 

Сондай-ақ, қалада 5 инвестициялық жоба іске асып, 2 өндіріс орыны қайта жаңғыртылған. Нәтижесінде жалпы өнім өсімі 1,9 процентті құрап, 86 адам жаңадан жұмысқа тұрыпты. Ал шағын және орта бизнес бағытында 38 жаңа нысан іске қосылып, 343 жұмыс орны ашылған. Жеке бизнес қала экономикасына 4 млрд теңге шамасында инвестиция салған екен. Бұл мәліметтер Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаевтың есеп беру жиынында айтылды.

Әкімнің есебінен белгілі болғандай, былтыр  облыс орталығында 90 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызылып, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалпы құны 1,2 млрд теңгеге болатын 5 жоба жүзеге асқан. Нәтижесінде 124 пәтерлі екі коммуналдық және жалгерлік үй пайдалануға берілген. Қазіргі кезде жалпы ауданы 50 мың шаршы метр болатын 543 пәтерлік тоғыз көп қабатты үй мен коттедж қалашығының құрылысы жүріп жатыр.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы