• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Ақпан, 2019

Биатлоннан Канададағы әлем кубогі кезеңінде жекелей сын аяқталды

327 рет
көрсетілді

Канаданың Кэнмор қаласында биатлоннан әлем кубогінің ең қиын кезеңдерінің бірі басталды. Ұйымдастырушылар ауа райының қолайсыздығына байланысты жарыс бағдарламасына өзгеріс енгізді. Десе де, күннің суықтығына қарамастан, жекелей сын бәсекелері кейінге шегерілген жоқ. Қазақстан атынан жарыс жолына төрт спортшы шықты деп хабарлайды Olympic.kz. 

Биатлоннан әлем кубогі кезеңдері Солтүстік Америкада көптен бері өткізілмей жүрді. Оған себеп - ауа райының қолайсыздығы. Күннің суықтығына байланысты масс-старт бәсекесі кейінге қалды, ал жекелей сындағы қашықтықты ұйымдастырушылар қысқартуға мәжбүр болды. 

Ерлер арасында сынға түскен Тимур Куц пен Владислав Витенко тиісінше 58-ші және 94-ші орынға жайғасты. Витенконың ату алаңында жолы болмай, 9 рет мүлт кеткенін айта кету керек. Ал жекелей сын бәсекесін норвегиялық Йоханес Бе жеңіп алды. Екінші орында оның жерлесі Ветле Шоста Кристиансен. Үшінші сатыда ресейлік Александр Логинов. 

Әйелдер арасында бақ сынаған Елизавета Бельченко мен Анастасия Кондратьева ату алаңында үш реттен мүлт кетті. Қорытынды есепте Бельченко 61-ші, Кондратьева 78-ші орынға тұрақтады. Бұл жарыста норвегиялық Тирил Экхоффтың айы оңынан туды. Күміс медальға чехиялық Маркета Давидова, қола медальға италиялық Лиза Витоции иелік етті.