Бейсенбі, 5 қаңтар 2012 7:55
Қазақстан – достықтыңмекені деп тегінайтылмаған. Сондай-ақ«Халық Алладан бір-ақжас кіші» деген сөздіңайтары көп. Бүтін ұлтболып ұйысып, қабырғалы халықболуымыздың өзі елдіңТәңірден кейінгіұлылыққа ие екендігінаңғартпай ма?! Пәктік пентақуалық та адамға тән. Әр азамат туған жері менеліне, Отанына адалқызмет етіп, соңына ізгілікті іс қалдырса, өмірі мәнді болады. Әншейіндетұйық мінезді азамат жұртты ынтымаққа үндеп, көсілгенде көпшілік ұйыптыңдайды.
Бейсенбі, 5 қаңтар 2012 7:55
Қазақстан – достықтыңмекені деп тегінайтылмаған. Сондай-ақ«Халық Алладан бір-ақжас кіші» деген сөздіңайтары көп. Бүтін ұлтболып ұйысып, қабырғалы халықболуымыздың өзі елдіңТәңірден кейінгіұлылыққа ие екендігінаңғартпай ма?! Пәктік пентақуалық та адамға тән. Әр азамат туған жері менеліне, Отанына адалқызмет етіп, соңына ізгілікті іс қалдырса, өмірі мәнді болады. Әншейіндетұйық мінезді азамат жұртты ынтымаққа үндеп, көсілгенде көпшілік ұйыптыңдайды. Бірнеше тілді білумен қатар, мемлекеттік тілде шешіле сырақтарғанда, еріксіз риза боласың. Сондықтан да Қазақстан халқыАссамблеясының мүшесі, «Огни Алатау» газеті редакторыныңорынбасары Атсалим ИДИГОВКЕ алда өтетін ҚХА-ның кезекті сессиясықарсаңында бірнеше сауал қойған едік.
– Атсалим Саламұлы, бүгінгі жаһандану кезінде қазақстандықтарға асақажетті отансүйгіштік, елжандылық жайлы ойыңызды ортаға салсаңыз.
– Иә, өмірімізге жаһандану жетіп, өз талаптарын қоя бастады. Одан іргені аулақ салу мүмкін емес. Тек оған дайын болғаннан ұтарымыз мол. Бір жолы тұрғындармен жүздесуде Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы жайында әңгімеледім. Кездесуде жас жігіт: «Елбасымыздың бойындағы шынайы интернационализм мен барлық ұлттың өкілдеріне деген орасан зор құрмет пен қамқорлық сезімінің, ұлыстардың бір ғана үлкен, тату отбасындай болып өмір сүруіне деген шексіз ұмтылысының түп-тамыры неде?» деген сұрақ қойды. Дұрыс сауал. Еш тосылмастан оған жауап ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың жастық шағы жайында түсірілген «Балалық шағымның аспаны» атты фильмді көруге кеңес бердім. Әрине, мен Нұрсұлтан Әбішұлының көп ұлтты ортада өскендігін, оны мұндай көрегендікке ата-анасымен қатар, өмірдің өзі де тәрбиелегенін назарда ұстағандықтан айттым.
Өткен ғасырдың елуінші, алпысыншы жылдары дүниеге келгендердің әрқайсының, әрине, Президентіміздің де, балалық шағының өз аспаны бар. Осынау көгілдір көк пен сайын дала, біз жұтып өскен кәусар ауа барлығымызды адамгершілік пен ізгілікке тәрбиеледі. Бір-біріміздің кемшілігімізге кешіріммен қарауға, қай рудан немесе тайпадан екендігімізге қарамастан, шынайы сыйласуға баулыды.
Қазіргі кезде, кейінде қазақстандықтарға қажетті Отанға, туған жерге, елге деген махаббат, отаншылдық, адамгершілік, еңбексүйгіштік біздің санамызда сол жылдары қалыптасты деуіме болады. Біз осы байлықпен өмір сүріп келеміз. Уақыт өткен сайын өткен жылдарға сағынышпен көз жіберіп, отбасыларымызды, ата-ана мен жалаң аяқ жастығымызды және өзімізді тұлға ретінде қалыптастырған замандастарымызды елжірей еске алатынымыз сондықтан.
Балалық шағым 1950-1960-шы жылдарға тура келді. Сол тұста Ұлы Отан соғысының зардаптары әлі де сезіліп тұратын. Қазақ халқының орыстармен, украиндармен, немістермен, жер аударылған чешендермен, балкарлармен, корейлермен, тағы басқалармен тағдырдың барлық ауыртпалығын бірге көтеріп, олардың қайғы-мұңы мен қуанышын бөліскеніне куә болдым. Бұл жерде өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеуге ұмтылғаны және ұлттың салт-дәстүрлерін біліп, құрметтегендіктері де үлкен маңызға ие болған тәрізді.
Мен туып-өскен Киров (қазіргі Көксу) ауданының Октябрь ауылында өзге ұлт өкілдері көптеп тұратын. Содан кейін де шығар, біз өзара қарым-қатынаста қазақ тілімен қатар, орыс тілін де пайдаландық. Салт-дәстүрлерді де білетінбіз. Біздер – грек Костя Сираниди, корей Виталий Ким, неміс Шурка Раис, поляк Коля Польщиков, орыс Саша Кондратенко хоккей, футбол ойнауға кірісіп кеткенде, бізді сыртқы бейнеміз ғана өзгешелендіріп тұратын. Десек те, бәріміз бір-ақ тілде сөйлейтінбіз.
– Сіз мінберлерде мемлекеттік тілде көсілгенде кейбір қандастарымызұялатын болар. Десек те, мемлекеттік тілді қазақтан кем сөйлемеуіңізгене себеп?
– Кейбіреулер маған: «Әрине, қазақы ортада туып-өскендіктен, тілді үйренуден өзге амалың қалмаған ғой», дейді әзіл-шыны аралас. Осы ортада өскендіктің әсері мол, оған таласпаймын. Тілді білуде немесе білмеуде кездейсоқтық немесе жағдайдың бұлайша қолайлы қалыптасуы маңыз атқармайды. Бұл жерде барлығы сенің қандай ортада туып-өскеніңе, отбасыңдағы тәрбиеңе және өмірлік бағдарыңа келіп тіреледі. Мәселен, менің ата-анам чешен ұлты бола отырып, қазақтың салт-дәстүрлерін де ерекше қадірлейтін. Олар қарапайымдылығымен, қонақжайлығымен, көршілерге, барлық ауылдастарға деген құрметімен ерекшеленіп тұратын. Чешен, қазақ, орыс тілдерінде жақсы сөйлейтін отбасымызды әркім өз туғанындай көретін.
Мен адамды отбасында қалай тәрбиелесе, оның болашақ өмірінің де солай қалыптасатындығына кәміл сенемін. Мәселен, менің ата-анам бойыма бала кезімнен бастап қазақ халқына деген құрмет сезімін ұялатты. Демек, бұл – менің қанымдағы қасиет. Демек, қазақ халқын өмір бойы сыйлап өтемін. Балаларымды да осындай рухта тәрбиелеудемін. Бүгінде олар өздерінің ана тілімен бірге, қазақ тілін жақсы біледі. Қызым домбырада ойнап, қазақша ән салады. Бұл үшін маған жаңа әдістемелер мен технологиялар қажет болған жоқ. Ол үшін қазақ халқына деген махаббат сезімі толық жеткілікті.
Әкем Саламға ауылдастары ерекше құрметпен қарайтын. Мұндай құрметке оның қазақ тілін жақсы білетіндігінің әсері болғандығы сөзсіз. Оған үлкен-кіші демей біреуі ақыл-кеңес, енді бірі материалдық көмек сұрап келетін.
1997 жылдың желтоқсаны есімнен шықпайды. Бұл кезең менің өмірімдегі ең бір ауыр шақ болды. Әкем қатты науқастанды. Біз ата-анасы мен бауырлары жерленген Кавказға алып кетуді ұйғардық. Бірақ, оның кеткісі келмеді. «Мен бұл жерден ешқайда кетпеймін. Бұл өңірді, онда тұратын адамдарды ерекше жақсы көремін, мені осында жерлеңдер», дегенді қайталаудан танбады. Ауыл тұрғындары өздерінің жерлестері Салам Идиговты ұмытқан жоқ. Ол қайтыс болғаннан кейін Октябрь ауылындағы ең үлкен көшеге өздеріне бауыр болып кеткен азаматтың есімін берді.
Мен туған ауылымда, ата-анам тұрған қара шаңырақта жиі боламын. Салам Идигов атындағы көшеге аяқ басқан кезде кеудемді мақтаныш сезімімен қатар, ауылдастарыма деген айрықша құрмет кернейді. Осынау тебіреніске толы сәттерде көз алдымнан балалық шағымның көріністері тізбеленіп өтеді. Жаныма сондай жақын адамдар жүзі көз алдыма келеді.
Жақсы адамдардың жарқын жүздері олар өмірден өтіп кеткеннен кейін де ұмытылмайды екен. Солардың қатарында мектебімізде көп жылдар бойы оқу ісінің меңгерушісі болған Нестер Семенович Цхені, менің сынып жетекшім Әлімқұл Сәлембайұлы Нүсіповті, алғашқы мұғалімім Роза Николаевна Березовскаяны, физика пәнінің мұғалімі Ілияс Әденовті, туабітті философ, дана тұлға Ахьяд молданы, тарих және география пәнінің мұғалімдері Қалиасқар Аусабаевты және Болат Ибрагимовті атауға болады. Иманғали Шырбаев, Әбдіқазыр Байжарасов, Қадырбала Келгенбаев тәрізді ақсақалдар да күні бүгінгідей есімде.
Салам Идигов көшесімен келе жатып, соғыс ардагері Шәйкен Мәдиев көшесіне міндетті түрде бұрыламын. Ол кісі де көршіміз болатын.
– Достық пен ынтымақтың тамыры неде?
– Біздер – түрлі ұлт өкілдерінің балалары ортақ шаңырақтың астында есейдік. Осылайша бір-бірімізге деген қимастық, құрмет сезімдері қалыптасты. Бұл жағынан алып қарағанда, бәріміз де біздерді әлпештеп өсірген қазақ даласының перзенттеріміз. Біз қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрлерін бойымызға сіңіріп өстік, сусындадық. Достықтың тамыры осылай бекіді.
Өткен күндерді тағы есіме алдым. Ол кезде мен 6-7 жастағы бала болатынмын. 1961 жылы, Кавказға кетерінің алдында Ахьяд молда ауылдастарын жинап алып: «Мен алысқа жол жүріп бара жатырмын, атамекеніме барамын. Жаныма қазақ жерінің бір уыс топырағын түйіп алдым. Бұл – мен үшін Жаратқанның мейірі түскен қазақ халқын еске салатын қасиетті тәбәрік. Бұл халықтың жұмақтың төрінен орын алатындығы сөзсіз. Неге дейсіздер ғой? Өйткені, қазақтарда Құранда айтылған үш қасиет бар. Ол – қасірет-қайғыны көп көргендік, төзімділік пен қонақжайлық қасиеттері», – деген болатын.
Тоқсаныншы жылдардың басында Грозный қаласында болғаным бар. Уақыт өткізу үшін республикалық мұражайға кіріп-шығуды ұйғардым. Аталған мұражайда чешендердің Қазақстанға жер аударылу оқиғасына арналған бөлім бар екен. Мұрағаттарды қарай келіп, әбден умаждалған жазу кітапшасына тап болдым. Сыртындағы «Ахьяд Исаев», сәл төменіректегі «Алматы облысы, Октябрь ауылы» деген жазу көзіме оттай басылды.
Араб өрнегімен жазылған сөздердің орысша аудармасы да бар екен. «Құдіреті күшті және аса рақымды Алла Тағала қазақтар шеккен шексіз қайғы-қасірет үшін оларға қилы кезең басталған сәтте шайтанның жолын ұстанушылардан бостандық береді. Олардың тұқымы жұтаудан (шашылып кетуден) аман қалады» деген сөздерді оқығанда тебірене тұрып, таңғалдым.
Ахьяд қарияның қилы кезең деп нені айтқаны түсініксіз, ал бостандық жайындағы айтқандары тура келді. Жиырма жыл бойы Қазақстанның көп ұлтты халқы Елбасымен, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге тәуелсіз мемлекет құруда. Бізді бүгінде бүкіл әлем таниды, бізбен барлығы есептеседі. Біз азат халықтың азат ұлдарымыз. Мұны орынды мақтаныш етеміз.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен Күмісжан БАЙЖАН.
Алматы облысы.