• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
05 Қаңтар, 2012

Достық – тірліктің алтын көпірі

601 рет
көрсетілді

Достық – тірліктің алтын көпірі

Бейсенбі, 5 қаңтар 2012 7:55

Қазақстан – достықтыңмекені деп тегінайтылмаған. Сондай-ақ«Халық Алладан бір-ақжас кіші» деген сөздіңайтары көп. Бүтін ұлтболып ұйысып, қабырғалы халықболуымыздың өзі елдіңТәңірден кейінгіұлылыққа ие екендігінаңғартпай ма?! Пәктік пентақуалық та адамға тән. Әр азамат туған жері менеліне, Отанына адалқызмет етіп, соңына ізгілікті іс қалдырса, өмірі мәнді болады. Әншейіндетұйық мінезді азамат жұртты ынтымаққа үндеп, көсілгенде көпшілік ұйыптыңдайды.

Бейсенбі, 5 қаңтар 2012 7:55

Қазақстан – достықтыңмекені деп тегінайтылмаған. Сондай-ақ«Халық Алладан бір-ақжас кіші» деген сөздіңайтары көп. Бүтін ұлтболып ұйысып, қабырғалы халықболуымыздың өзі елдіңТәңірден кейінгіұлылыққа ие екендігінаңғартпай ма?! Пәктік пентақуалық та адамға тән. Әр азамат туған жері менеліне, Отанына адалқызмет етіп, соңына ізгілікті іс қалдырса, өмірі мәнді болады. Әншейіндетұйық мінезді азамат жұртты ынтымаққа үндеп, көсілгенде көпшілік ұйыптыңдайды. Бірнеше тілді білумен қатар, мемлекеттік тілде шешіле сырақтарғанда, еріксіз риза боласың. Сондықтан да Қазақстан халқыАссамблеясының мүшесі, «Огни Алатау» газеті редакторыныңорынбасары Атсалим ИДИГОВКЕ алда өтетін ҚХА-ның кезекті сессиясықарсаңында бірнеше сауал қойған едік.

– Атсалим Саламұлы, бү­гін­гі жаһандану кезінде қа­зақ­стандықтарға асақажетті отансүйгіштік, елжандылық жайлы ойыңызды ортаға салсаңыз.

– Иә, өмірімізге жаһандану жетіп, өз талаптарын қоя бастады. Одан іргені аулақ салу мүмкін емес. Тек оған дайын болғаннан ұтарымыз мол. Бір жолы тұрғындармен жүздесуде Қазақстан халқы Ассамблея­сы­ның жұмысы жайында әңгіме­ле­дім. Кездесуде жас жігіт: «Ел­ба­сымыздың бойындағы шы­найы интернационализм мен барлық ұлттың өкілдеріне деген орасан зор құрмет пен қамқорлық сезімінің, ұлыстардың бір ғана үлкен, тату отбасындай болып өмір сүруіне деген шексіз ұмтылысының түп-тамыры неде?» деген сұрақ қойды. Дұрыс сауал. Еш тосылмастан оған жауап ретінде Нұрсұлтан На­зар­баевтың жастық шағы жайында түсірілген «Балалық ша­ғымның аспаны» атты фильмді көруге кеңес бердім. Әрине, мен Нұрсұлтан Әбішұлының көп ұлтты ортада өскендігін, оны мұндай көрегендікке ата-анасымен қатар, өмірдің өзі де тәрбиелегенін назарда ұста­ғандықтан айттым.

Өткен ғасырдың елуінші, алпысыншы жылдары дүниеге келгендердің әрқайсының, әрине, Президентіміздің де, балалық шағының өз аспаны бар. Осынау көгілдір көк пен сайын дала, біз жұтып өскен кәусар ауа барлығымызды адам­гершілік пен ізгілікке тәрбиеледі. Бір-біріміздің кем­шілігімізге кешіріммен қарау­ға, қай рудан немесе тайпадан екендігімізге қарамастан, шынайы сыйласуға баулыды.

Қазіргі кезде, кейінде қазақ­стандықтарға қажетті Отанға, туған жерге, елге деген махаббат, отаншылдық, адамгер­ші­лік, еңбексүйгіштік біздің санамызда сол жылдары қалып­тас­ты деуіме болады. Біз осы бай­лықпен өмір сүріп келеміз. Уа­қыт өткен сайын өткен жыл­дарға сағынышпен көз жіберіп, отбасыларымызды, ата-ана мен жалаң аяқ жастығымызды және өзімізді тұлға ретінде қа­лып­тастырған замандастарымызды елжірей еске алатынымыз сон­дықтан.

Балалық шағым 1950-1960-шы жылдарға тура келді. Сол тұс­та Ұлы Отан соғысының зардаптары әлі де сезіліп тұратын. Қазақ хал­қының орыстармен, ук­раин­дар­мен, немістермен, жер ау­­да­рыл­ған чешендермен, балкарлармен, корейлермен, тағы басқа­лар­мен тағ­дырдың барлық ауырт­­па­лығын бір­ге көтеріп, олардың қай­ғы-мұңы мен қуа­нышын бөліс­кені­не куә бол­дым. Бұл жер­де өзге ұлт өкіл­дерінің қазақ тілінде сөй­леуге ұм­тыл­ғаны жә­не ұлттың салт-дәс­түр­лерін бі­ліп, құрмет­те­ген­діктері де үлкен маңызға ие бол­ған тәрізді.

Мен туып-өскен Киров (қазір­гі Көксу) ауданының Октябрь ауылында өзге ұлт өкілдері көптеп тұ­ра­тын. Содан кейін де шығар, біз өзара қарым-қаты­нас­та қазақ тілі­мен қатар, орыс тілін де пайда­лан­дық. Салт-дәстүр­лерді де біле­тін­біз. Біздер – грек Костя Сираниди, корей Виталий Ким, неміс Шурка Раис, поляк Коля Польщиков, орыс Саша Кондратенко хоккей, футбол ой­науға кірісіп кеткенде, бізді сырт­қы бейнеміз ғана өзгеше­лендіріп тұ­ратын. Десек те, бәріміз бір-ақ тілде сөйлейтінбіз.

– Сіз мін­бер­лерде мемлекет­тік тілде көсіл­ген­де кейбір қандастарымызұя­латын болар. Десек те, мем­лекеттік тілді қазақтан кем сөйлемеуі­ңіз­гене себеп?

– Кейбіреулер маған: «Әрине, қазақы ортада туып-өскендіктен, тілді үйренуден өзге амалың қал­маған ғой», дейді әзіл-шыны аралас. Осы ортада өскендіктің әсері мол, оған таласпаймын. Тілді білу­де немесе білмеуде кездейсоқтық немесе жағдайдың бұлайша қо­лай­лы қалыптасуы маңыз ат­қар­май­ды. Бұл жерде барлығы сенің қандай ортада туып-өскеніңе, от­ба­сыңдағы тәрбиеңе және өмірлік бағдарыңа келіп тіреледі. Мәсе­лен, менің ата-анам чешен ұлты бола отырып, қазақтың салт-дәс­түр­лерін де ерекше қадірлейтін. Олар қарапайымдылығымен, қо­нақ­жайлығымен, көршілерге, бар­лық ауылдастарға деген құрметі­мен ерекшеленіп тұратын. Чешен, қазақ, орыс тілдерінде жақсы сөйлейтін отбасымызды әркім өз туғанындай көретін.

Мен адамды отбасында қалай тәрбиелесе, оның болашақ өмірі­нің де солай қалыптаса­тын­ды­ғы­на кәміл сенемін. Мәселен, менің ата-анам бойыма бала кезімнен бастап қазақ халқына деген құр­мет сезімін ұялатты. Демек, бұл – менің қанымдағы қасиет. Демек, қазақ халқын өмір бойы сый­лап өтемін. Балаларымды да осындай рухта тәрбиелеудемін. Бү­гінде олар өздерінің ана тілімен бірге, қазақ тілін жақсы біледі. Қызым домбырада ойнап, қазақша ән салады. Бұл үшін маған жаңа әдістемелер мен технологиялар қажет болған жоқ. Ол үшін қазақ халқына деген махаббат сезімі толық жеткілікті.

Әкем Саламға ауылдастары ерекше құрметпен қарайтын. Мұн­дай құрметке оның қазақ тілін жақсы білетіндігінің әсері болған­ды­ғы сөзсіз. Оған үлкен-кіші демей біреуі ақыл-кеңес, енді бірі материалдық көмек сұрап келетін.

1997 жылдың желтоқсаны есім­нен шықпайды. Бұл кезең менің өмірімдегі ең бір ауыр шақ болды. Әкем қатты науқастанды. Біз ата-анасы мен бауырлары жерленген Кав­казға алып кетуді ұйғардық. Бі­рақ, оның кеткісі кел­меді. «Мен бұл жерден еш­қайда кетпеймін. Бұл өңірді, онда тұратын адамдарды ерекше жақсы көремін, мені осын­да жерлеңдер», дегенді қайта­лау­дан танбады. Ауыл тұрғындары өздері­нің жерлестері Салам Идиговты ұмытқан жоқ. Ол қайтыс болғаннан кейін Октябрь ауы­лын­дағы ең үлкен көшеге өз­деріне бауыр болып кеткен аза­маттың есімін берді.

Мен туған ауылымда, ата-анам тұрған қара шаңырақта жиі боламын. Салам Идигов атын­да­ғы көшеге аяқ басқан кезде кеу­дем­ді мақтаныш сезімімен қатар, ауылдастарыма деген айрықша құрмет кернейді. Осынау тебіре­ніс­ке толы сәттерде көз алдымнан балалық шағымның көрініс­тері тізбеленіп өтеді. Жаныма сондай жақын адамдар жүзі көз алдыма келеді.

Жақсы адамдардың жарқын жүз­дері олар өмір­ден өтіп кеткеннен ке­йін де ұмы­тыл­­май­ды екен. Солар­дың қа­тарын­да мек­тебі­мізде көп жылдар бойы оқу ісінің меңгерушісі болған Нестер Семенович Цхені, менің сынып жетекшім Әлімқұл Сәлембайұлы Нүсіповті, алғашқы мұғалімім Роза Николаевна Березовскаяны, физика пәнінің мұғалімі Ілияс Әденовті, туабітті философ, дана тұлға Ахьяд молданы, тарих және география пәнінің мұғалім­дері Қалиасқар Аусабаевты және Болат Ибрагимовті атауға болады. Иманғали Шырбаев, Әбді­қазыр Байжарасов, Қадырбала Келгенбаев тәрізді ақсақалдар да күні бүгінгідей есімде.

Салам Идигов көшесімен келе жатып, соғыс ардагері Шәй­кен Мәдиев көшесіне міндетті түрде бұрыламын. Ол кісі де көршіміз болатын.

– Достық пен ынтымақтың тамыры неде?

– Біздер – түрлі ұлт өкіл­дері­нің балалары ортақ шаңы­рақ­тың астында есейдік. Осылайша бір-бірімізге деген қимас­тық, құрмет сезімдері қалыптас­ты. Бұл жағы­нан алып қарағанда, бәріміз де біздерді әлпештеп өсір­ген қазақ даласының пер­зент­тері­міз. Біз қа­зақ халқының мәде­ниетін, салт-дәстүрлерін бо­йы­мыз­ға сі­ңі­ріп өстік, сусындадық. Дос­тықтың тамыры осылай бекіді.

Өткен күндерді тағы есіме алдым. Ол кезде мен 6-7 жастағы бала болатынмын. 1961 жылы, Кав­каз­ға кетерінің алдында Ахьяд молда ауылдастарын жинап алып: «Мен алысқа жол жүріп бара жатырмын, ата­ме­кеніме барамын. Жаныма қазақ жерінің бір уыс топырағын түйіп алдым. Бұл – мен үшін Жарат­қанның мейірі түс­кен қазақ халқын еске салатын қасиетті тәбәрік. Бұл халықтың жұмақ­тың төрінен орын алатын­ды­ғы сөзсіз. Неге дейсіздер ғой? Өйт­кені, қазақтарда Құранда ай­тыл­ған үш қасиет бар. Ол – қа­сі­рет-қайғыны көп көргендік, төзім­ді­лік пен қонақжайлық қасиет­тері», – деген болатын.

Тоқсаныншы жылдардың басында Грозный қаласында болға­ным бар. Уақыт өткізу үшін рес­публикалық мұражайға кіріп-шығуды ұйғардым. Аталған мұ­ра­жайда чешендердің Қазақ­стан­ға жер аударылу оқиғасына ар­нал­ған бөлім бар екен. Мұра­ғат­тарды қарай келіп, әбден умаж­дал­ған жазу кітапшасына тап болдым. Сыртындағы «Ахьяд Исаев», сәл төменіректегі «Алматы облысы, Октябрь ауылы» деген жазу көзіме оттай басылды.

Араб өрнегімен жазылған сөз­дердің орысша аудармасы да бар екен. «Құдіреті күшті және аса рақымды Алла Тағала қазақтар шеккен шексіз қайғы-қасірет үшін оларға қилы кезең басталған сәтте шайтанның жолын ұстанушы­лар­дан бостандық береді. Олардың тұ­қымы жұ­тау­дан (шашылып кетуден) аман қалады» деген сөздер­ді оқығанда тебірене тұрып, таң­ғал­дым.

Ахьяд қарияның қилы кезең деп нені айтқаны түсініксіз, ал бостандық жайындағы айтқан­да­ры тура келді. Жиырма жыл бойы Қазақстанның көп ұлтты халқы Елбасымен, Ұлт көшбас­шы­сы Нұр­сұлтан Назарбаевпен бірге тәуел­сіз мемлекет құруда. Бізді бү­гінде бүкіл әлем таниды, бізбен барлығы есептеседі. Біз азат ха­лықтың азат ұлдарымыз. Мұ­ны орынды мақтаныш етеміз.

– Әңгімеңізге рахмет.

 Әңгімелескен Күмісжан БАЙЖАН.

Алматы облысы.