Қостанай қаласында 83 жастағы зейнеткер қалалық полиция басқармасының «Солтүстік» полиция бөліміне өзінің мерекелік медальдерінің ұрланғанын айтып, арыз берді.
Оның пәтеріне түскен ұрылар ардагердің Ұлы Отан соғысы медальдерін және 5 төс белгісін алып кеткен. Қостанай қаласындағы 38 жасар азамат қолға түсіп, ол ардагердің ұрлаған медальдерін қайтарып берді.
Сонымен қатар полицейлер Қостанай қаласының іргесіндегі Мичурин поселкесінде бір үйден 7 миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған 29 жасар ер адамды да ұстады. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, оларды тиісті жаза күтіп тұр.
Нәзира Жәрімбет,
«Егемен Қазақстан»
Қостанай